Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 043 (Good news 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

43. Жақсы жаңалық 2


Олар базарға жаяу барып, шаршады. Тифам мен оның анасы бастарына картоп салынған ауыр себеттерді көтерді. Орестил ханым картопты жақсы бағаға сатып, қызына жаңа көйлек сатып алмақшы болды. Тифамның бір ғана көйлегі бар және ол өте ескі әрі тесіктерге толы болды. Тифамның ата-анасы кедей болды. Оның әкесі әрқашан ең жақсыны зұлым рухтарға құрбан етті, бірақ бәрібір оның жан дүниесінде ешқашан тыныштық болмады. Тифам кенеттен өзінің досы Мэриді есіне алды. Ол енді мәсіхші болды және енді бойтұмар кимейтін болды.

Ақыры олар базарға жетті. Мұнда әбігерлік, қатты шу орын алды.

Сатушы: «Жаңа піскен көкөністер! Жоғары сапалы үрме бұршақ!»

Сатушы: «Жаңа дақылдан жүгері!»

Сатушы: «Бәрі арзан! Барлығын арзан сатамыз!»

Орестил ханым себетін жерге қойды. Бір сатушы оның тауарына наразылық толы көздерімен қарады.

Сатушы: «Мәссаған! Құрттар! Құрт басқан картоп қой!»

Орестил ханымның көңілі қатты түсіп кетті, ол картобын арзан бағаға сата алды. Ал Тифаммен нағыз керемет болды. Бір қайырымды адам оның себетіндегі барлық картопты сатып алды. Ал Тифам болса, бұл кісінің арқылы, Мэри мәсіхші болған, Виктор екенін білмеді. Тифамның өзіне әдемі көйлек сатып алуға ақшасы жеткілікті болды. Ол өте бақытты болды.

Көп ұзамай ол қайтадан Викторды кездесті.

Тифам: «Анашым, қарашы, бұл менен картоп сатып алған адам. Ол қолында қандай кітап ұстап тұр?»

Тифам мен оның анасы Виктордың адамдарға не айтып жатқанын тыңдау үшін тоқтады.

Виктор: «Менде сендер үшін жақсы жаңалық бар. Құдай сендерді жақсы көреді және енді қорқынышта өмір сүрмеулерің үшін сендерге тыныштық бергісі келеді».

Орестил ханым: «Тифам, мен оның шындықты айтып тұрғанына сенемін».

Сиқыршы Орестил әйелінің Виктордың уағызын тындағанын білгенде, қатты ашуланып, оларға айқайлады.

Орестил: «Виктор сендерге әсер етеді. Оған сенбеңдер! Аруақтар енді бізден кек алады!»

Орестил ханым: «Орестил, менің жүрегім тыныш. Виктордың Құдайы барлық зұлым рухтардан да күшті».

Содан кейін Орестил Тифамның жаңа көйлегін алып, одан шүберек қуыршақ жасап, оны көптеген инелермен тесіп өтті.

Орестил: «Бұл Виктор. Ол өлуі керек. Бұл инелер оны өлтіреді».

Тифам шошып кетті. Оның әкесі бұрын ешқашан мұндай өрескел әрекетке барған емес.

Қайсысы күшті болар екен, сиқыршының сиқыры ма, әлде Исаның күші ме? Бұл туралы келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Орестил ханым, Тифам, сатушы, Виктор, Орестил

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:00 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)