Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 042 (TiFam, daughter of the witch doctor 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

42. Тифам, сиқыршының қызы 1


Күн Гаити тауларының үстінен көтеріліп жатты. Тифам ата-анасымен бірге шағын лашықта тұрды. Олар кедей болды және әрқашан зұлым рухтардан қорқатын. Олар өздерін жақсы көретін, «Қорықпаңдар, өйткені Мен сендермен біргемін!» - дейтін, шынайы Құдай туралы ештеңе білмеді.

Тифамның әкесі, Орестил есімді сиқыршы, әрқашан ерте тұратын, ал анасы үй жұмысын орындап, егістікте жұмыс істейтін. Тифам анасына жиі көмектесті.

Ана: «Тифам, бүгін картоп қазып аламыз, ал ертең оны базарға апарамыз. Бар да, банан жапырақтарын кесіп ал, сонда мен оларды себеттің түбін төсеу үшін пайдалана аламын».

Тифам: «Жарайды. Маған жаңа көйлекті киюге рұқсат етесіз бе? Сіз уәде еткен едіңіз...»

Ана: «Жарайды, көреміз».

Тифам үлкен пышақты алып, банан плантациясына барды. Бір қыз досы оны байқап, алдынан жүгіріп шықты.

Мэри: «Тифам! Тифам!»

Тифам: «Мэри, ертең мен сөздер жазылған жаңа көйлек киемін!»

Мэри: «Сөздер? Бірақ сен оқи алмайсың ғой. Мен міндетті түрде оқуды үйренемін деп шештім. Содан кейін, мен өзіме бірдеңе сатып аламын».

Тифам: «Сен менің әкемнен жаңа сүйкімді бойтұмар сатып аласың ба, солай ма?»

Мэри: «Жоқ, мен енді бойтұмар кимеймін. Біз енді - мәсіхшілерміз. Мен Киелі кітап сатып аламын».

Тифам: «Сен есіңді жоғалттың, Мэри! Сен зұлым рухтарды ашуландырып, ауырып қаласың!»

Мэри: «Тифам, мен енді олардан қорықпаймын. Иса зұлым рухтардан күшті. Ол былай деді: Қорықпаңдар, өйткені Мен сендермен біргемін. Бұл туралы бізге Киелі кітаптан Виктор оқып берді».

Тифам: «Мұның бәрі өтірік! Өтірік!»

Тифам бойтұмарын мықтап ұстап үйіне жүгірді.

Тифам: «Анашым, Мэри енді бойтұмар кимейді, өйткені ол мәсіхші болды!»

Мәсіхшілер өз өмірлерін Исаға арнап өмір сүреді, сондықтан олар бұдан былай сиқырлар мен астрологияны қолданбайды, жұлдыз жорамалдар мен ырымдарға сенбейді. Құдай Өз Сөзінде мұның бәріне тыйым салады.

Сен бұған сенесің бе, әлде Исаға үміт артасың ба? Тек Иса ғана сені қорғап және саған көмектесе алады. Ол саған да былай дейді: Қорықпа, өйткені Мен сенімен біргемін.

Тифам Исаға дұға етуге болатынын білмеді. Ол үнемі қорқынышпен өмір сүрді.

Сиқыршы Орестил, Мэри мен оның ата-анасының мәсіхшілер болғанын естігенде, оның беті қарайып және...

Бұл елші қызметкерлер туралы шынайы оқиғаның ары қарай не болғанын келесі шығарылымда біле аласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Тифам, ана, Мэри

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:00 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)