Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 041 (The chief and Jesus)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

41. Көсем және Иса


Елші қызметкер көп күш салып джунгли арқылы өзіне жол салып өтті. Аспанда күн жарқын нұрын шашып тұрды. Ақыры ол үнді ауылына жетті, елші қызметкерді үнді тайпасының көсемі жылы қабылдады.

Бұл үндістерге Иса туралы айту үшін бірде-бір ақ адам келген емес. Барабан дыбыстары бүкіл тайпаны жинап алды. Оларға елші қызметкер қуана уағыз айта бастады.

Елші қызметкер: «Құдай мені сендерге көкке қалай жетуге болатынын айту үшін жіберді».

Көсем бұл сөздерге өте қуанды. Ол бір жаққа кетті де, көп ұзамай қайтып оралды.

Көсем: «Көсем Құдайға өзінің балтасын береді!»

Содан кейін ол отырды да, елші қызметкерді тыңдауын жалғастырды.

Елші қызметкер: «Құдай сендерді жақсы көреді және сендердің Өзіне келгендеріңді қалайды. Құдай киелі, ал сендердің күнәларың Құдайға баратын жолды бөгеп тастайды. Күнәкарлар аспанға кіре алмайды».

Бұл сөздер үндістердің көңілдерін жабырқатты. Олар мұның рас екенін білді. Олар ұрлады, өтірік айтты және адам өлтірді, олар соның бәріне қатты ұялды.

Елші қызметкер: «Көңілдерің түспесін! Құдай сендерді жақсы көреді. Ол сендердің барлық күнәларыңды кешіруді қалайды».

Мұны естіген көсем қуанып орнынан тұрып кетіп қалды да, бір минөттен соң қолында әдемі түрлі-түсті кілеммен оралды.

Көсем: «Көсем Құдайдың оны жақсы көргеніне қуанып, кілемін Құдайға береді!»

Елші қызметкер: «Құдай Өзінің Ұлын бүкіл адамдардың күнәларының құнын төлеу үшін осы дүниеге жіберді».

Құдай соншалықты көп жасады! Көсем барып, өзінің ең қымбатты затын алып келді.

Көсем: «Көсем өз атын Құдайға береді. Енді менде ештеңе қалмады, мен Құдайға бұдан артық ештеңе бере алмаймын».

Шынымен ештеңе қалмады ма? Елші қызметкер уағызын жалғастырды.

Елші қызметкер: «Иса Құдайдың Ұлы, сендердің күнәларың үшін айқышта Өз еркімен өлді. Ол сендерді сүйеді. Оған сеніңдер, сонда Ол сендердің күнәларыңды кешіреді, содан соң бір күні көкке барасыңдар».

Көсемнің жүзі нұрланып кетті.

Көсем: «Аа, мен Құдайға тағы не бере алатынымды білемін! Мен Оған жүрегімді беремін және Оның мен үшін өлгеніне сенемін».

Басқа да көптеген үндістер одан үлгі алып, үйлеріне қуанышпен оралды.

Осындай бақытты болғың келе ме? Олай болса, көсемнің үлгісіне еліктеп, Тәңір Исаға сеніміңді арт.


Рөлдер: Баяндаушы, елші қызметкер, көсем

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:00 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)