Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 040 (The small sailboat)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

40. Кішкентай желкенді қайық


Ақыры жаз да келді, демалыс күндері басталды. Рауан мұны көптен бері күтті. Енді ол ұзағырақ ұйықтап, сүйікті ісімен айналыса алады. Ол өзіне қайық жасағысы келді және оны өз бетімен істей бастады. Рауанның әкесі оған өзінің шеберханасына келіп, құралдарын пайдалануға рұқсат берді. Рауан кішкентай желкенді қайық жасап, оны қызыл және көк бояумен бояды. Үш діңгектің әрқайсысына ол ақ желкендерді байлап қойды. Бақытты бала қайығын суға түсіру үшін теңіз жағасына барды. Ол бір топ балалардың оның қасына қалай жақындағанын байқамай қалды.

Бала: «Мына затты өзің жасадың ба? Енді біз оны теңізге жібереміз!»

Рауан тіпті аузын ашып үлгермей, бір соққыны сезіп, қамыстардың арасына құлап қалды. Ол сол жерден шыққанда, жағада балалар да, оның қайығы да жоқ еді.

Ол көз жасын төгуге дайын болды. Үйге қайықсыз қайтуға тура келді.

Әке: «Көңіліңді көтер! Мен саған жаңа желкенді қайық сатып аламын».

Рауан: «Бірақ әке! Мен өзім жасаған қайығымды қалаймын».

Арада апталар өтті. Бірде Рауан дүкен терезесінен желкенді қайықты көрді.

Рауан: «Әке, бұл менің қайығым!»

Әке: «Сен сенімдісің бе?»

Рауан: «Иә, мен сенімдімін! Қараңызшы, оның тұмсығында менің таңбам бар!»

Рауан дүкенге жүгіріп кіріп, сатушыға:

Рауан: «Бұл қайық сіздікі емес. Ол менікі!» - деді.

Рауанның әкесі таң қалған сатушыға оқиғаның бәрін айтып берді. Сатушы былай деп жауап берді:

Сатушы: «Бұл желкенді қайықты маған балалар әкелді, мен оны олардан сатып алдым. Мен сендерге бір ғана жеңілдік жасай аламын: оны сендерге өзім сатып алған бағаға сата аламын».

Рауан келісіп, өзі жасаған қайық үшін ақша төледі.

Үйіне бара жатып ол:

Рауан: «Менің қайығым! Ол екі рет менікі. Бірінші рет оны өзім жасадым, ал екінші рет мен оны сатып алдым».

Әке: «Сен өзің екі рет Құдайдың баласысың ба, әлде жоқ па?»

Рауан: «Қалай екі рет Құдайдың баласы болуға болады?»

Әке: «Тыңда балам. Құдай адамды жаратты, бірақ адам күнә жасап, Құдайдан кетіп қалды. Біз қайтадан Құдайға тиесілі болуымыз үшін, Иса айқышта өліп, Өзінің өмірінің құнымен бізді сатып алды».

Рауан: «Мен екі рет Құдайдың баласы екенімді, қайдан білемін?»

Әке: «Исадан өзіңнің барлық күнәларыңды кешіріп, сенің өміріңе Оның кіруін сұра, сонда сен Құдайдың баласы боласың. Сонда сен Оның баласы ретінде екі рет Құдайдікі боласың».


Рөлдер: Баяндаушы, бала, Рауан, әке, сатушы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:00 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)