Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 039 (Stoning and crowning)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

39. Таспен ату арқылы өлім жазасы және даңқ тәжісі


Бесінші сынып оқушылары алдағы жарыстарға өте жақсы дайындалды. Әрқайсысы қолынан келгенше тырысты. Жарыс соңында, қуаныштан жарқыраған ақтық сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аділ мәреге бірінші болып келді. Елестетіп көріңдерші, ол жылдам жүгіріп, барлығынан озып, соңғы бөлікте, кенеттен жолдан шығып, демалуға отыра салды. Бұл ақылға сыймайтын әрекет қой! Жүгіруді жақсы бастаған адам аяғына дейін жақсы жүгіру қажет.

Бұл Исаға сенетіндерге де қатысты. Исамен бірге өмір сүруді бастау ғана емес, бірақ Оның жолымен соңына дейін тура жүру маңызды. Бәрі біздің сол жолмен қалай жүретінімізге байланысты. Иса Степанға көмектескендей бізге де көмектеседі. Көптеген адамдар Степанды Исаға сенуден тайдырғысы келді.
Киелі кітапта адамдар келіп, онымен дауласқаны туралы айтылған. Бірақ Степан олармен дауласпады. Бұл барлығын қатты ызаландырды. Степан Құдайға сенді және кедейлерге көмектесті, бірақ айыптаушылар ол туралы өтірік айтты. Степан сотқа келуге мәжбүр болды.

Айыптаушы: «Степан Құдайға тіл тигізді және Заңға қарсы шығуды үйретті».

Төреші: «Бұл рас па?»

Барлығы Степанға қарады. Оның жүзі Періштенің жүзіндей жарқырап тұрды. Ол өзін қорғаудың орнына, адамдарға Иса туралы айта бастады.

Степан: «Құдайдың Ұлы жерге келді. Сендер Оны айқышқа шегеледіңдер, бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті».

Тіпті сотталып жатқанда да Степан Тәңір Исаға адал болып қалды. Сосын ол аспанға қарап:

Степан: «Мен көктің ашылғанын және Құдайдың оң жағында тұрған Исаны көріп тұрмын» - деді.

Бұл сөздерді естіген ашулы халық оған қарай тұра ұмтылды. Оны ұрып-соғып, қала сыртына сүйреп апарып, таспен ұрды. Степан Исаға соңына дейін адал болып қалды. Оны таспен ұрып өлтірді. Өлер алдында ол дұға етті.

Степан: «Ием Иса, мен көктегі Саған бара жатырмын. Олардың күнәларын кешіре гөр!»

Мақсатқа жету жолы оңай болған жоқ. Бірақ Степан адалдығын сақтап қалды. Сол үшін, Иса оған даңқ тәжін берді. Әрқашан Исаға сеніп, Оған адал болып қалу керек, өйткені қиындықтар, жек көрушілік пен ашу-ыза – уақытша. Алда ең жақсысы күтіп тұр!


Рөлдер: Баяндаушы, айыптаушы, төреші, Степан

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:59 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)