Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 027 (Jesus dies on the cross)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

27. Иса айқышта өледі


Бала: «Менің ойымша, Яһуданың Исаға опасыздық жасағаны сұмдық».

Бала: «Иса неге олармен шайқасқан жоқ? Неге Ол Өзін-Өзі босатқан жоқ?»

Бұл рас, Иса Өзін босата алатын еді, бірақ бәрі осындай болуы керек болды.

Бала: «Неге екенін түсіне алмаймын…»

Құдайдың Ұлы бұл дүниеге біздің күнәларымыз үшін өлуге келді. Мойынсұнбаудың және күнәлардың кесірінен адамдар Құдайдан ажырап қалды. Ал күнәнің өтемі – өлім. Біздің Құдаймен қарым-қатынасымызды қалпына келтіру үшін Иса біздің жазамызды Өзі көтергісі келді.

Бала: «Аа... енді түсіндім».

Соңғы үкімді төреші шығарды. Жыл сайын исраилдіктердің Мысырдан шығу мерекесінде төреші бір тұтқынды түрмеден бостандыққа шығаратын.

Пилат: «Осы жылы кім босатылады? Иса ма немесе Барабба ма?»

Шынында да, Пилат кісі өлтіруші Бараббаны емес, Исаны босатуды қалады, сондықтан ол қайтадан сұрады:

Пилат: «Бараббаны босатқанымды қалайсыңдар ма, әлде Исаны ма?»

Адамдар: «Бізге Барабба керек! Барабба!»

Пилат: «Мен Исамен не істеуім керек?»

Адамдар: «Ол айқышқа шегеленсін! Айқышқа шегеленсін!»

Дәл солай болды. Құдайдың Ұлы қамшымен жараланған арқасына ауыр айқышты көтеріп жүрді. Олар Исаны Ғолғота деп аталатын жерге апарды, сол жерде Ол біз үшін өлді. Ол бізге лайықты өлім жазасын Өз еркімен қабылдады. Иса алты сағат бойы айқышта керіліп тұрды. Өлер алдында Ол дүниедегі ең маңызды сөздерді айтты:

Иса: «Енді түгел орындалды!»

Содан кейін Ол көзін жұмып, бүкіл әлемнің күнәлары үшін өлді.

Исаға сенетін әрбір адам Құдаймен қарым-қатынасқа және мәңгілік өмірге ие болады.

Сен бұған сенесің бе?

Құдай Ұлы жан тапсырғанда, тал түстен бастап бүкіл жерді қараңғылық басты! Қатты жер сілкінісі болды. Римдік қолбасшы шошып кетті де:

Қолбасшы: «Бұл шынымен Құдайдың Ұлы екен!» - деді.

Кешке қарай Иса қабірге қойылды, бірақ Ол сонда қалмады. Ең қызығы әлі алда!

Бұл туралы толығырақ келесі шығарылымда.


Рөлдер: Баяндаушы, екі бала, Пилат, адамдар, Иса, қолбасшы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:56 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)