STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 152 (Pass it on - absolutely 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

152. Бұл хабарды басқаларға да жеткізіңдер 2


Ауру мен аштықтан қажыған төрт алапес адам жаудың қосынына кіргенде, сол жердегі жағдай олар ойлағаннан мүлдем басқаша болып шықты.

1-ші алапес: «Мен өз көзіме сене алар емеспін! Бұлай болуы мүмкін емес!»

2-ші алапес: «Бірақ бұл рас! Жаулардың қосында ешкім жоқ. Олар кетіп қалыпты».

1-ші алапес: «Мүмкін бұл тұзақ шығар».

Бірақ бұл тұзақ емес еді. Самария қаласын ұзақ уақытқа қоршап, исраилдіктерді аштықпен қыруға тырысқан сириялықтар еш жерде көрінбеді.

Оларды кім қуып жіберді?

Киелі кітап бізге осы құпияны ашады: Тірі Құдай оларға үлкен әскердің дыбыстарын естіртті. Исраил оларға қарсы басқа әскерлермен біріккен деп ойлап, олар артқа қарамастан қашып кетті.

Құдай бұл кереметті күн батқанда, дәл төрт алапес жауларына берілуге шешім қабылдаған кезде жасады.

Олар өлімді күтті, бірақ өмірді қабылдады!

1-ші алапес: «Бұл жерде тамақ өте көп! Мен әлі де бұған сене алар емеспін...»

2-ші алапес: «Қараңдар! Не деген байлық мұнда! Киімдер, алтын, күміс!»

Олар тойғанша тамақтанып, ішіп, түс көргендей қосты аралай бастады.

1-ші алапес: «Біз дұрыс емес істеп жатырмыз. Біз тек өзіміз туралы ойлаймыз. Қала тұрғындарына да бұл хабарды айтуымыз керек. Біз үндемей қалсақ, олар аштан өледі. Және біз олардың өліміне кінәлі боламыз».

Патша алғашында бұл хабарды – жаудың айласы деп ойлады. Бірақ тұрғындар қала сыртына шығып, сириялықтар қалдырған қостың айналасын аралап, оны тонауға кірісті.

Кеше ғана Құдайды мазақ еткен шенеулік өлді – қала қақпасының алдында жұрт оны басып, таптап тастады.

Барлығы Құдайдың айтқанындай болды.

Жақсы хабарды біреу жеткізді және оған сенгендердің бәрі аман қалды. Сол адамның үндемей қалмағаны қандай жақсы болды.

Менің есіме Исаның сөздері түседі: Мен тірімін, сендер де өмірге ие боласыңдар.

Ол адамдардың өмір сүргенін қалайды. Және тек жай ғана өмір сүргендерін емес, мәңгі өмір сүргендерін қалайды!

Алайда, бұл туралы көбісі әлі де біле бермейді. Сондықтан мен Иса туралы жақсы хабарды басқа да адамдарға жеткізгім келеді. Ал сендер ше, балалар, сендер де мұны қалайсыңдар ма?


Рөлдер: Баяндаушы, 1-ші алапес, 2-ші алапес

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:10 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)