STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 153 (Does the devil exist 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

153. Шайтанның бар екені рас па 1


Бала: «Менің сұрағым бар: шайтанның бар екені рас па? Ол қай жақтан пайда болды?»

Иә, шайтанның бар екендігі рас. Оның тарихы аспаннан басталады.

Бала: «Аспаннан?»

Люцифер Құдай жаратқан періштелердің ішіндегі ең әдемісі болған.

Ол Құдай Тағалаға қызмет ету үшін жаратылған еді. Бірақ бір күні ол жүрегіне мақтаныш сезімін тудыратын ойлардың енуіне жол берді.

Люцифер: «Мен ең ұлы болғым келеді. Құдай сияқты! Мен бәрінің үстінен патшалық құрғым келеді! Менің Құдай болғым келеді!»

Ол Құдіретті Құдайға қызмет еткісі келмеді, ол бәрінен де жоғары болғысы келді, сондықтан Тірі Құдай оны көктен қуып жіберді.

Содан бері оны шайтан деп атайды және ол Құдайдың жауы болып табылады. Ол бар күшімен Құдайдың Өз халқына арналған жоспарын бұзуға тырысады.

Құдай біздің өмір сүргенімізді қалайды, ал шайтан болса өлгенімізді қалайды.

Құдай шындықты жақсы көреді, шайтан болса – өтірікші.

Құдай адамдармен бірге болғысы келеді, ал шайтан бізді құртқысы келеді.

Бала: «Ол Адам мен Хауаны жеңе алды. Олар азғырылуға берілді».

Мен оның қулық әрекеттерін айтайын: шайтан адамды Құдайдан алыстату үшін, адамның жүрегіне күмән мен сенімсіздік себеді.

Шайтан: «Құдай сендерге бұл ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? Ол расында да сендерге ең жақсысын тыйым салды ма?»

Адам мен Хауа алданып қалды. Сонда әлемге өлім кірді. Содан бері әрбір адам Құдайдан алыстап кетті.

Бірақ Құдайдың сүйіспеншілігі бәрінен де жоғары және Құдай шайтанды жеңіп, жағдайды қалпына келтіруге уәде берді.

Бала: «Ол Исаның келетінін алдын ала нақты айтты!»

Иә, дұрыс айтасың. Иса – Жеңімпаз! Шайтан Оның атын естігенде дірілдейді. Шайтан Исаның қай халықта туылатынын біліп, перғауынның көмегімен және бар күшімен яһудилерді жоюға тырысты.

Бірақ Құдай шайтанға Өзінің жоспарларын бұзуға жол бермеді. Бір күні түнде, Бетлехемде Иса дүниеге келді.

Балалар, Иса – Жеңімпаз! Ол шайтанның істерін жою үшін бұл дүниеге келді. Сондықтан шайтан Оны қатты жек көріп, бар күшімен Оған қарсы тұрады.

Келесі бөлімде бұл туралы толығырақ айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, Люцифер (шайтан)

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:11 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)