STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 130 (God is love)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

130. Құдай - сүйіспеншілік


Қыз: «Ками но аи кашикоши».

Бала: «Эго да славит; Бог эст лйубов».

Қыз: «Аллах сэвгидир, сэвэр бэни».

Таң қалмаңдар, балалар, сендер бәрін дұрыс естідіңдер! Біздің кішкентай тіл мектебімізге қош келдіңдер.

Бірге оқиық! Үш минуттың ішінде сендер әлемдегі ең маңызды сөздерді басқа тілдерде айтуды үйренесіңдер.

Ал қандай сөздер ең маңызды? Мен бұл сұраққа қуана жауап беремін:

Құдай - сүйіспеншілік және Ол сендерді сүйеді!

Мұны елестете аласыңдар ма? Аспан мен жерді жаратқан ұлы, құдіретті Құдай сендерді сүйеді! Біздің күнәларымыз үшін жазаны қабылдаған, Өзінің Жалғыз Ұлын біздің орнымызға өлімге жіберу арқылы, Ол бізге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді. Біздің Құдаймен бұл жерде де және кейін көкте де қарым-қатынаста болуымыз үшін Иса өлді.

Құдайдың сүйіспеншілігі соншалықты керемет. Ол ешқашан бітпейді.

Сондықтан біз: Құдай - сүйіспеншілік және Ол бізді сүйеді, деп сенімді түрде айта аламыз.

Африка тілдерінің бірінде бұл сөздер былай айтылады:

Хатала синта, то тото домини. Хатала синта, тау тен янг конг.

Ән: «Хатала синта, то тото домини» (wav форматындағы файл қосылады).

Енді осы маңызды сөздерді неміс тілінде жаттап алайық.

Готт ист ди либе, ляст мих эрлёзен. Готт ист ди либе, эр либт аух мих.

Ән: «Готт ист ди либе» (wav форматындағы файл қосылады).

Бұл Киелі кітаптың бізге үйрететін ақиқаты:

«Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» (Жохан жазған Ізгі хабар 3:16).

Құдай сендерді шынымен де қатты сүйеді! Сондықтан сендер Талғат сияқты осы Киелі кітап аятына өз есімдеріңді қойсаңдар болады.

Талғат: «Өйткені Құдай Талғатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Енді Талғаттың жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады».

Құдай барлық балаларды олардың тілі мен терісінің түсіне қарамастан сүйеді. Бұл туралы сыныптастарың біле ме? Оларға бұл туралы айтып беріңдер, достар! Содан кейін оларды біздің кішкентай тіл мектебімізге шақырыңдар.

Ал енді түрік тіліндегі ең маңызды сөздерді тыңдайық:

Аллах сэвгидир, Куртарыджымдыр, Аллах сэвгидир, сэвэр бэни.

Ән: «Аллах сэвгидир, Куртарыджымдыр» (wav форматындағы файл қосылады).

Естеріңде болсын, Құдай - сүйіспеншілік және Ол сендерді сүйеді! Сүйіспеншілік Құдайы туралы көбірек білгілерің келе ме? Онда маған жазыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, қыз, бала, Талғат

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:15 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)