STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 131 (The death penalty for God's Son)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

131. Құдай Ұлы үшін өлім жазасы


Төреші өлім жазасына келісім берді. Жазалаушы үкімді орындауға дайын болды. Тәңір Иса жаудың қолына берілді.

Олар Құдай Ұлының бетінен ұрып, Оған түкіріп, қамшымен ұрды.

Соққылар бізге жазаны еске салады. Иса жазаға лайық емес еді. Ол ешқашан күнә жасамады және ештеңеге кінәлі емес еді. Сонда да Ол аяусыз өлім жазасына кесілді.

Ол жараланған арқасына ауыр айқышты көтеріп, Иерусалимнің көшелерімен жүрді.

Қала сыртындағы Ғолғота деп аталатын төбеде қатыгез жасақшылар Оны айқышқа шегеледі. Ол екі қылмыскердің ортасында керіліп тұрды: бірі оң жағында, екіншісі сол жағында. Айқыштағы өлім өте ауыр болды. Исаның басы ауырды және Ол қатты шөлдеді. Оған тыныс алу қиын болды. Оны қорқыныш билеп алды.

Оның үстіне, жаулар Оны мазақ етті.

Мазақшы: «Әй, егер Сен шынымен де Құдайдың Ұлы болсаң, онда айқыштан түс!»

Жасақшы: «Егер Сен яһудилердің Патшасы болсаң, Өзіңді құтқар!»

Егер Иса Өзін құтқарғысы келгенде, Ол аспаннан жерге түспес еді.

Ол бізді құтқару үшін келді, өйткені Ол бізді сүйеді. Иса тіпті жауларын да сүйеді.

Иса: «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді».

Үш айқышты елестетіп көріңдер. Иса ортасында, ал зұлым адамдар Оның оң және сол жағында керіліп тұр. Сендерге Иса осы екі күнәкарға қолын созып жатқан сияқты болып көрінбеді ме?

Қылмыскер (ашулы): «Сен уәде етілген Құтқарушысың ба? Олай болса Өзіңді де, бізді де құтқар!»

Кісі өлтіруші: «Ауызыңды жап! Құдайдан қорықпайсың ба? Біз қылмыс жасағанымыз үшін кінәліміз, біз жазаға лайықтымыз, ал Ол болса ешқандай жамандық істеген жоқ. Тәңір Иса, Патшалығыңа кіргенде, мені есіңе алшы».

Иса: «Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың».

Кісі өлтіруші өз күнәларын мойындады. Сондықтан ол жұмаққа кіре алды.

Ол дұрыс айтты: біз бәріміз кінәліміз. Бірақ Иса бізді кешіреді, Оның қолдары әрқашан күнәкарларға созылып түрады.

Балалар, тағы да үш айқышты елестетіңдер. Ортада Иса, екі жағында қылмыскерлер. Бірі Исаға сенді, ал екіншісі Оны мазақ етті. Біреуі құтқарылды, ал екіншісі өлді. Ал сендер қай жағындасыңдар?

Иса сендерге қолын созып жатыр. Оның сүйіспеншілігі сендердің күнәларыңнан күшті.


Рөлдер: Баяндаушы, мазақшы, жасақшы, Иса, кісі өлтіруші, қылмыскер

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:17 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)