STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 017 (So courageous 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

17. Аса батылдық 2


Ақыры жаңбыр жауды! Қандай керемет! Бірнеше күннен соң ұзақ құрғақшылықтан кейін бақтар, егістіктер мен саябақтар гүлдей бастады.

Жаңбырды керек уақытта жіберген Кім? Жердегі барлық тіршілікті Кім қамкорлайды?

Бір кездері Исраил халқы жерге жаңбыр мен күн сәулесін беретін жалғыз ғана Құдай бар екенін ұмытып кетті. Адамдар өз құдайларын ағаштан және тастан жасап алды. Осы құдайлардың бірін олар Бағал деп атады. Бұл жансыз Бағал оларға астық, жеміс-жидек және мал береді деп сенді.

Халықтың бұл адасуына Ахаб патша кінәлі болды.

Мұның бәрі патшаның Езабел есімді әйелге үйленуінен басталды.

Ол әйел шынайы Құдайды ешкім білмейтін елден еді. Ол өзімен бірге Исраилге өзінің дінін – Бағалға табынуды алып келді.

Оның ықпалымен Ахаб патша Бағалға табына бастады. Бүкіл Исраил халқы патшадан үлгі алып, осы пұтқа табынды.

Ілияс Құдайға адал болған исраилдіктердің бірі болды. Ол Бағалға табынбады. Бір күні ол былай деп дұға етті:

Ілияс: «Құдайым, мен Сенен сұраймын осы жерде үш жыл жаңбыр жаумасыншы, сонда тек Сен ғана бізге жаңбыр мен жеміс-жидек беретініңді бүкіл халық білетін болады».

Ілияс Құдай бүкіл халыққа Ол ғана жалғыз Құдай екенін көрсететініне сенімді болды. Ілияс патша сарайына шақырусыз барды. Сарайдан өтіп, ол Ахаб патша отырған тақ бөлмеге кірді.

Ілияс қорықпай патшаның алдында тұрып:

Ілияс: «Тыңда, Ахаб патша! Тәңір Ие тірі, сондықтан алдағы үш жылда бұл жерге бір тамшы да жаңбыр жаумайды. Сонда жалғыз ғана тірі Құдай бар екенін білетін боласың» - деді.

Осыны айтып Ілияс, патшаның сарайынан шығып кетті. Ал одан әрі не болды?

Бұл туралы келесі бөлімнен білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Ілияс

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:54 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)