STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 016 (Gone without a trace 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

16. Хабарсыз жоғалып кеткен адам 1


Бұл үлкен іздеу жұмыстары болды! Олар оны барлық жерден іздеді, бірақ тапқан жоқ. Олар оны қалада, тауларда, тіпті Иордан өзенінің жағасында іздеді. Бірақ оны табу мүмкін болмады.

Үш күн бойы елу адам іздеуге қатысты. Бірақ оны ешкім көрмеді және ол туралы ешкім ештеңе айта алмады. Бұл адам кім болды? Оны табуға тырысып көрсеңдер болады. Сендер оның атын бір рет болса да естіген боларсыңдар.

Жоғалған адам туралы маңызды ақпарат:

Ол Тішбенің тұрғыны.

Мамандығы: пайғамбар.

Ол Құдайдың атынан сөйледі және оның айтқандарының бәрі орындалды.

Ол патшаға оның күнәларын батылдықпен жариялады.

Қарғалар оған таңғы және кешкі ас әкеліп тұрған.

Оның дұғасына жауап ретінде Құдай аспаннан жерге от түсірді.

Оның есімі «Менің Құдайым – Тәңір» дегенді білдіреді.

Балалар, сендер бұл адамның кім екенін білесіңдер ме?

Киелі кітаптың бір тарауы бұл сұрақтың жауабын табуға көмектеседі.

Бұл адамның есімі Патшалықтардың 1-жазбасы, 13-тарауда (Киелі кітаптың бірінші бөлімінде, Көне өсиетте) жазылған.

Оның атын тапқан кезде бізге хабарлаңдар, біз сендерге жауап жазамыз.

Жақында бұл адам туралы сендер көбірек білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:54 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)