STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 015 (The baked Bible)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

15. Пісірілген Киелі кітап


Әйел: «Олар келе жатыр!»

Бір әйел нан пісіріп жатқанда, терезеден мәсіхшілерді қудалаушылардың келе жатқанын көреді. Олар барлық үйлерге кіріп, Киелі кітап пен ән кітаптарын тартып алып, оларды өртеген!

Ер адамдар: «Ашыңдар! Дереу ашыңдар!» (есікті қатты қағады)

Әйел не істерін білмеді. Ол өзінің қымбат Киелі кітабын алып, оны қамырға салып, пештің ішіне қойды. Содан кейін ол қорыққанынан дірілдеп есікті ашты. Ер адамдар үйге кіріп, әйелдің барлық заттарын ақтарып, шкафтар мен жәшіктерді аша бастады.

Олар бүкіл үйді аударып, ештеңе таппады. Ер адамдар қатты ұрсып, есікті тарс жауып, үйден шығып кетті (есіктің тарсылдаған дыбысы).

Айналада бәрі тынышталған кезде, әйел пештен пісірілген нанды суырып алды, оның ішінде еш жері зақымданбаған Киелі кітабы болды.

Ол Киелі кітапты үйде ұстауға тыйым салатын елде тұрған.

Әйел Құдайға мойынсұнып жүрді және адамдардан қорықпады, сондықтан ол Құдай Сөзін жасырын оқыған. Киелі кітапты күн сайын оқығаны оған жаңа күш пен батылдық берген.

(фондық музыка)

Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,
Олар жүрекке қуаныш құяды.
Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,
Көздерді ашып, жарқыратады.
Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:
Осы таза ниет мәңгі қалады.
Жаратқанның шешімдері шынайы,
Барлығы мүлтіксіз де әділетті,
Тіл үйірген таза балдан да тәтті,
Алтыннан, саф алтыннан да бағалы.
Бұлардан пендең ескерту алады,
Бәрін ұстанғанды зор сый тосады.
(Забур 18:9-12)

Балалар, сендерде Киелі кітап бар ма? Ол сөреде шаң басып жатпасын. Оны бағалап оқыңдар, өйткені онда Құдайдың Сөзі жазылған.

Егер сендерде Киелі кітап болмаса және оны оқығыларың келсе, бізге хабарлаңдар. Мүмкін, Киелі кітап сендер үшін де ең қымбат кітап болады.


Рөлдер: Баяндаушы, әйел, ер адамдар

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:53 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)