STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 014 (A slap for the King)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

14. Патшаға арналған шапалақ


Мың жылдан астам уақыт бұрын викингтер Англияға басып кірді. Бұл батыл теңіз әскерлері барлық адамдарға қорқыныш пен үрей әкелді. Олар ағылшындарды тонап, өлтіріп, олардың үйлерін және шіркеулерді өртеді.

Ұлы Альфред патша викингтермен үлкен ерлікпен соғысқан, бірақ соңында олардан жеңіліп қалды. Тірі қалуы үшін, патша өз сарайынан қашуға мәжбүр болды.

Ешкім оны танымауы үшін, ол қайыршы сияқты киініп алып, ормандарда тығылып жүрді. Танылмаған патша! Бұл туралы патшаның тек жақын адамдары ғана білетін. Сол адамдардың бірі Ульфрик деген қойшы болды. Ол ешқашан патшаға опасыздық жасамас еді. Ульфрик патшаны өз үйіне қабылдады, тіпті оның әйелі қонақтың кім екенін білмеді. Ульфриктің әйелі қонақтың дастархан басында сағаттап ойға шомылғанына таң қалды. Ол оны патша ретінде танымады.

Бір күні ол қонаққа ұрыса бастады:

Әйелі: «Мен сенен жалықтым! Сен күн бойы ештеңе істемей отырасың. Пештегі нан күйіп қалмасын, бақылап тұр, мен қазір су әкелуім керек».

Ұлы Альфред патша үнсіз пешке жақындады. Оның ойында тек бір нәрсе болды: елді басып алған жаулармен ол не істей алады. Мүмкін оларды жеңудің басқа жолы бар шығар...

Басына түскен бұл күтпеген соққы оны терең ойдан шығарды. Ульфриктің әйелі қайтып келіп, нанның күйіп кеткенін көрді. Үйде күйген иіс тұрды.

Әйелі: «Әй, жалқау! Үйден шық!» - деп айқайлады.

Дәл осы кезде күйеуі ас үйге кірді.

Ульфрик: «Патшаға бұлай сөз айтуға қалай дәтің барды?! Сен оны танымадың ба не?»

Одан әрі не болғаны бізге белгісіз.

Танылмаған патша туралы әңгіме маған Иеміз Исаны еске түсіреді. Ол 2000 жыл бұрын ақырда жатқанда, Оны ешкім дерлік танымады. Ол есейгенде, адамдар Құдай Ұлын қабылдағысы келген жоқ. Ол айқышта өліп жатқанда, адамдар Оны айыптап, жек көрді.

Өкінішке орай, Исаның өмірі танылмаған патшаның қайғылы оқиғасына өте ұқсас.

Ал сен Исаны өз өміріңнің Патшасы ретінде қабылдайсың ба?


Рөлдер: Баяндаушы, әйелі, Ульфрик

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:53 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)