Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 120 (The newcomer 4)
120. Жаңадан келген 4
Фридли ағаштан жасалған ең жақсы жұмысының кішкентай бөліктерге айналғанын көргенде, қатты күйзелді. Енді ол жүлдені ала алмайды. Барлығы Фридлиден аулақ болды. Сондықтан ол оларға қолынан бірдеңе келетінін көрсеткісі келген еді. Енді оның ең жақсы жұмысы құртылды.
Фридли мұны Майя жасады деп күдіктенді, бірақ оның дәлелі болмады.
Ол өзі туылған Швейцария тауларында жиі жалғыз жүре бастады. Бөренеге отырып, ағаштан неше түрлі мүсіншелерді жасады.
Ер адам: «Сен ағаштан мүсіншелерді жасауға шебер екенсің».
Фридли таңдана жан-жағына қарады. Бұл ескі саятшылықта жалғыз тұратын қарт адам болса керек. Қала тұрғындары бұл қария тұралы сыбырлап әңгімелейтін. Бірақ оның сүйіспеншілікке толы көзқарасы Фридлиді тыныштандырды.
Ер адам: «Жүр, мен жасаған мүсіншелерді саған көрсетейін». (есіктің сықырлағаны естіледі)
Фридли: «Уау! Осы мүсіншелердің бәрін өзіңіз жасадыңыз ба?»
Ер адам: «Бір күні сен де осылай жасай аласың. Мүмкін сен досыңа мүсінше жасап берерсің».
Фридли: «Менің достарым жоқ».
Ер адам: «Олай болса сен ерекше жігіт екенсің. Қаласаң, маған мәселеңді айтып бере аласың».
Фридли: «Клаус мүгедек болып қалды. Барлығы оны мен жарға итеріп жіберген деп ойлайды. Мені бәрі жек көреді. Майя бәрінен де көп мені жек көреді. Мен де оны жек көремін».
Ер адам: «Өмірде бәріміз қателесеміз, мен де. Ішімдік пен құмар ойындар мені көп қарыздарға батырды. Содан кейін банк тонаған кезімде ұсталдым. Мен өліп бара жатыр едім, не істерімді білмедім».
Фридли: «Сіз жалғыз қалдыңыз ба?»
Ер адам: «Мен қазір де жалғызбын. Бірақ мен түрмеден шыққаннан кейін, Исамен бірге жаңа өмірді бастадым».
Фридли: «Туыстарыңыз бар ма?»
Ер адам: «Әйелім қайтыс болған, екі ұлым мені өлді деп есептейді. Бірі кәсіпкер, екіншісі атақты хирург. Ол жүре алмайтын талай адамдарды емдеген. Қазір ол қалада, қонақүйде».
Фридлиге бір жаксы ой келді. Қандай ой екенін болжай алдыңдар ма? Осы кезде қария оның иығына қолын қойды.
Ер адам: «Фридли, сен маған сеніп, мәселең туралы айтып бердің. Қаласаң, Иеміз Исаға жеккөрушілігің туралы айтып, Одан бәрін түзетуін сұра».
Фридли дұға етті, оның көзінен жас ағып кеткенде, ол бұған ұялмады. Ол Тәңір Исадан кешірім сұрады. Оның жүрегі күнәдан тазартылды.
Бұл оңай емес. Тек Фридли үшін емес, сендер үшін де.
Ал Майяға не болды екен? Бұл туралы келесі бөлімде білетін боласыңдар.
Рөлдер: Баяндаушы, Фридли, ер адам
Авторлық құқықтар: CEF Germany