STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 011 (Jesus is born)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

11. Иса туылды


(өтіп бара жатқан адамдардың даусы)

Патшаның жаршысы: «Ей, Назарет халқы! Келіңдер, патшаның бұйрығын тыңдаңдар! Елде халық санағы жүргізілетін болады. Әрбір азамат санаққа қатысу үшін туған қаласына оралуы керек.
Бұл жаңалық, әрине, сендерді қуантпайды. Бірақ санақ аяқталғаннан кейін Назаретке қайта оралуға болады. Заңды орындаңдар! Естеріңде болсын: патша – өте қатал адам».

Назареттіктер бұл жаңалыққа наразы болды. Патшаның бұйрығы олардың жоспарларында жоқ еді, бірақ бұл Құдайдың жоспарының бөлігі болды.

Мәриям мен Жүсіпке ұзақ сапарға аттануға тура келді. Жүсіп Дәуіт патшаның ұрпағынан болғандықтан, ол өз отанына, Бетлехем қаласына біраз уақытқа оралуға мәжбүр болды.

Саяхат қызықты болуы мүмкін, бірақ 170 шақырым жаяу жүру оңай емес!

Әсіресе бұл сапар Мәриям үшін қиын болды, өйткені оның бірінші баласы жақында дүниеге келетін еді. Ол Құдай Ұлының анасы болатынын алдын ала білген, өйткені Періште оған және Жүсіпке бұл ізгі хабарды айтқан болатын.

Иса, әлемнің Құтқарушысы - бұл Құдайдың керемет жоспары.

Бетлехемге сапар ешқашан бітпейтін сияқты болып көрінді. Олардың жүргеніне бес күн болды. Мәриям мен Жүсіп ешқашан мұндай жоспарды өз бетімен ойластырмас еді. Бірақ бұл Құдайдың жоспарының бір бөлігі болды және олар Құдайдың еркін мойынсұнып орындады.

Бетлехемде оларды бір қиындық күтіп тұрды:

Қонақ үй қожайыны: «Орын жоқ. Барлық бөлмелеріміз бос емес. Басқалардан сұраңдар. Мұнда сендерге орын жоқ».

Олар қаладағы барлық қонақүйлерді аралады, бірақ бос орын таппады.

Ақыры олар тек мал қорадан орын тапты.

Қора да Құдайдың жоспарының бір бөлігі болған.

Сол қорада, түн ортасында ғажайып оқиға болды.

Иса дүниеге келді. Мәриям Сәбиді қолына алып, Оны орап, ақырға жатқызды.

Осылайша Құдайдың жоспары орындалды.

Құдай осы оқиға орындалғаннан 700 жыл бұрын Бетлехемде Мәсіхтің дүниеге келетіні тұралы уәде берген.

Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Ол Өз жоспарын орындап, бізге Өзінің жалғыз Ұлын жіберді.


Рөлдер: Баяндаушы, патшаның жаршысы, қонақ үй қожайыны

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:52 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)