STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 004 (Prayers can cause miracles)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

4. Дұғалар кереметтер жасай алады


Ыстық әрі шуақты күндердің бірінде шаң басқан жолдың шетінде бір қайыршы отырды. Әрбір өтіп бара жатқан адамдарды естіп ол оларға қолын созып:

Бартимей: «Көмектесіңдер! Тамаққа ақша беріңдер!» - деп сұрады.

Біреулер Бартимейді аяп жатса, басқалар оған мән бермеді.

Сол күні бүкіл Иерихон қаласы жол бойына жиналғандай болды.

Бартимей: «Не болып жатыр?» - деп сұрады.

Өтіп бара жатқан адам: «Құдайдың Ұлы Иса осы жолмен келе жатыр. Ол барлық адамдарды жақсы көреді, науқастарды емдейді, тіпті өлгендерді де тірілте алады!» - деді.

Соқыр Бартимей, Иса оны естиді деп үміттенді.

Ол бар күшімен айқайлап, өзі көрмеген Сол Адамды шақыра бастады:

Бартимей: «Иса, көмектес! Маған рақым ете көр!»

Оның айқайы Исаның соңынан ерген кейбір адамдарды мазалады. Олар байғұсқа ұрыса бастады.

Өтіп бара жатқан адам: «Тыныштал!» - деп бұйырды.

Адамға Исаны шақыруға тыйым салуға бола ма? Әрине, жоқ!

Бартимей адамдарды тыңдамады, керісінше ол Исаны одан да қаттырақ шақырды:

Бартимей: «Ием Иса, мен Сенен өтінемін, маған көмектес!»

Иса барлығын естиді. Балалар Ол сендердің дұғаларыңды да естиді.

Киелі кітапта Исаның тоқтап, соқыр адамды Өзіне әкелуді бұйырғаны туралы айтылады:

Иса: «Оны Маған әкеліңдер!» - деді.

Бартимей Құдай Ұлының алдына әкелінді. Соқыр адам Оны көре алмады, бірақ Оның қасында өзін қауіпсіздікте сезінді. Ол Исаның мейірімді дауысын естіді.

Иса: «Бартимей, Менен не қалайсың? Мен сен үшін не істей аламын?»

Бартимей көпке дейін іркіліп қалмады. Оның ең үлкен қажеттілігі енді дұғаға айналды:

Бартимей: «Ием, мен қайтадан көргім келеді» - деді.

Иса оның тілегін естіді.

Иса: «Міне! Маған сенгендіктен, Мен сені емдеймін».

Бартимейдің көздері, оның дұғасын естіп, жауап берген Адамды көрді. Қуанған ол, Исаға алғысын білдірді және сол күннен бастап шын жүрегімен Оның ізбасары болды.

Киелі кітапта Құдай бізге былай дейді:

«Қиындық көргеніңде шақыр Мені, Сонда құтқарып аламын сені, Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».


Рөлдер: Баяндаушы, Бартимей, өтіп бара жатқан адам, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:50 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)