STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 149 (It's difficult for Inam 1) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
149. Инамға оңай емес 1Кір заттар салынған себет ауыр болды. Инам оны өзенге апарды. Сол жерде ол киімдерді шығарып, оларды суға малып, үлкен тасқа ысқылай бастады. Бұл қиын жұмыс болатын. Джунглиде кір жуатын машина жоқ еді. Инамның қара түсті бетінен жас ағып кетті. Оны қайтадан қатыгездікпен ұрып-соқты. Инам егіс алқабына қарап, күріш егістіктері әлі өскін болған кезді есіне түсірді. (еске алу уақытында әуен ойнайды) Инам: «Сол уақытта Индонезияға шетелдіктер келді. Олар ағаштан шағын қауымды салды. Ол жерге барлығы бара алатын. Мен қабырғадағы тесіктен қарап, олардың әдемі әндер айтқанын естідім. Содан кейін мен қауымға кіріп, Иса туралы және Оның біз үшін айқышта қалай өлгені туралы керемет әңгімелерді тыңдадым. Инамның жылағаны соққылардан емес, ата-анасы үшін болды. Инам: «Тәңір Иса, менің ата-анам да Саған сеніп, Сен үшін өмір сүріп, ақырында көкке барса екен деп қалаймын. Өтінемін, олардың өлуіне жол бермеші!» Инам кір себетін көтеріп, оны үйіне алып келді. Анасы (ашулы): «Сен неге кешіктің? Тезірек, күрішті пісір!» Тамақтан соң, Инамның ата-анасы оны үйге қамап тастады. Бірақ ол үнсіз терезеден шығып, джунглидегі биік шөптердің арасынан шағын қауымға қарай жүгірді. (фонда әуен ойнайды) Ол жиыннан қалғысы келмеді. Жаттап алған әндер мен жазбалар оны қатты жігерлендірді. Бірақ үйіде ата-анасы оны таяқпен қарсы алатын. Инам Исаның соңынан еруді шешкеннен бері, қиын кезеңді бастан өткізді. Оны жиі ұратын, бірақ ол бәрі бір Исаға сенді. Ол ауырып қалғанда, анасы емшіні шақырды. Ол сусын дайындап, дұғаларды оқыды. Инам бұл сусынды ішпеу үшін, мен не істесем болады, деп ойлады. Емші оған тостағанды бергенде, дәл сол сәтте анасын шақырды. Анасы: «Мен ас үйге жүгіруім керек, күрішім күйіп жатыр!» Оның соңынан емші де шықты. Олар кете салысымен, Инам сусынды ашық тұрған терезеден төгіп жіберді. Бұл туралы олар ешқашан білмейді! Ары қарай не болғанын, келесі шығарылымда естисіңдер. Рөлдер: Баяндаушы, Инам, анасы Авторлық құқықтар: CEF Germany |