Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 150 (Very brave 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

150. Өте батыл 2


Бұл өте батыл әрекет болды. Инам емші дайындаған сусынды iшкiсi келмей, оны терезеден төгіп тастады.

Инам: «Мен Саған сенемін, Тәңір Иса. Мені емде!»

Қыз тез сауығып кетті.

Инам сауыққан бойда, бірден джунглидегі шағын қауымдағы жиынға кетті.

(әуен ойнайды)

Ол басқа сенушілермен бірге Иса туралы керемет әндерді қуанышпен айтты.

Содан кейін Инам сенушілерге Иса оның дұғасына жауап беріп, оны сауықтырғаны туралы айтып берді.

Әйел: «Анаң не деді? Оның ойынша, сені кім емдеді?»

Инам: «Емшінің берген сусыны маған көмектесті деп ойлайды».

Әйел: «Ал сен оған шындықты айтасың ба?»

Инам үйіне қайтып бара жатып, осы туралы ойлады. Оны Исаға сенгені үшін жиі ұратын.

Келесі күні Инам ас үйге кіргенде, анасының көк шөпті кесіп жатқанын көрді.

Инам: «Анашым, емшінің сусыны мені емдеді деп ойлаған боларсыз. Бірақ мүлдем солай емес. Мен оны терезеден төгіп тастадым. Иса мені сауықтырды».

Анасы: «Солай ма? Демек, сен бізден де қу екенсің!»

Бұл сөздер ашулы дауыспен айтылмады. Керісінше, ата-анасы қызының көп соққыға ұшырағанына қарамастан, батылдығы мен Исаға сенгеніне көптен бері таң қалып жүрді.

Анасы күнге қарады.

Анасы: «Инам, қауымға баратын уақыт болды».

Инам анасын қуана құшақтап алды.

Ол жиналысқа алғаш рет ата-анасының рұқсатымен барды. Көп ұзамай ата-анасы да онымен бірге қауымға бара бастады. Инам қауымда әкесі мен анасының ортасында отырғанды жақсы көретін. Олар бірге Иса туралы оқиғаларды тыңдады.

Оның ата-анасы қауымда естігендері туралы көп ойланып, өз діндерін Исаға деген сенімімен салыстырды. Исаға деген сенім олардың қыздарына күш-қуатты бергені сонша, ол соққыға қарамастан, Исаға адал болып қалды.

Сөйтіп, бір күні Инамның ата-анасы Исаның жолымен жүруді шешті.

Инамның өмірін көрген олар, Исаның тірі екеніне сенді. Қыздары Инам талай соққыға жығылғанына қарамастан, Исаға адал болып қалды және Оған деген сүйіспеншілігі күннен-күнге арта берді.


Рөлдер: Баяндаушы, әйел, Инам, анасы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:19 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)