Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 151 (Donkey heads are expensive 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

151. Есектердің бастары қымбат тұрады 1


Самарияны елестетіңдер. Бұл төбеде орналасқан, жақсы қорғалған қала болатын. Исраил екі патшалыққа бөлінгенде, Самария Солтүстік патшалықтың астанасы болды.

Жаулар бұл қалаға көз салды.

Сириялықтар оны басып алғысы келді, бірақ олар оны қарулы шабуылмен емес, қоршау арқылы жаулап аламыз деді. Олар қаланы қоршап, қала қақпасын мұқият бақылап тұрды.

Содан бері қала тұрғындары тек жаман хабарлар ести бастады. Олардың тамақтары аз болды. Барлық тамақтар сатылып кетті! Есектің басы мен түрлі сапасыз өнімдер өте қымбат бағаға сатылды. Балалар көшеде аштықтан жылап, тамақ іздеп жүрді.

Халық жойылудың алдында тұрды. Патша халықпен бірге азап шекті. Ол бәріне Елішені кінәлап, Құдайдың пайғамбарын өлтіргісі келді. Ол патша шенеулігімен бірге сарайдан шығып кетті.

Олар Елішеге келді. Пайғамбар патшаға бұрылды.

Еліше: «Патша, Құдайдың айтқанын тыңда! Құдай ертең тамақ мол болады деп уәде берді! Азық-түлік өте арзан бағаға сатылады!»

Шенеунік ашуланып жауап берді.

Шенеунік: «Бұл мүмкін емес! Құдай аспанның терезелерін ашып, бізге жоғарыдан тамақ жаудыра алады деп ойлайсың ба?»

Еліше: «Сен мұны өз көзіңмен көресің, бірақ осы сөздерің үшін, жаза ретінде, сол тамақты жей алмайсың!»

Бұл Құдайдан келген жақсы хабар еді, бірақ оған ешкім сенбеді.

Қалада мұқтаждық шегіне жетті. Әсіресе, қала қақпасының жанында отырған төрт ер адамға қиын болды. Олар ескі-құсқы киімдер киген алапес адамдар еді. Олар аштықтан қатты арықтап кеткен болатын. Бұл қорқынышты тері ауруына байланысты, олармен ешкім сөйлеспейтін.

Барлығы жақын арада олардың өлімі туралы хабарды естиміз деп ойлады.

Үмітсіз алапестер алысқа қарап отырды. Кенеттен олардың бірі тыныштықты бұзды.

Алапес адам: «Барлық жерде өлім билік етіп жатыр. Біз осы жерде қалсақ, өлеміз. Қалаға барсақ та өлеміз. Егер жауға барсақ, мүмкін... олар бізді тірі қалдырар. Ал егер олар бізді өлтірсе, бізге қандай айырмашылық болады? Бәрібір бәріміз өлеміз...»

Олардың жүректерінде кішкене үміт болды.
Күн батқанда, олар жаудың қосына кіріп кетті.
Жағдай өте қиын болды!
Олар бірінші болып тұрған шатырға жақындады.
Абайлаңдар! Тыныш!

Ары қарай не болғанын келесі шығарылымда айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, Еліше, алапес адам, шенеунік

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:19 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)