STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 076 (Three lies in one night) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
76. Бір түнде үш өтірікПетір: «Жоқ, олай болуы мүмкін емес! Мен солай ешқашан істемеймін!» Кейде Петір мақтаншақ болып көрінетін, бірақ сол сәтте ол шынайы болғандай болды. Петір: «Бұл менімен ешқашан болмайды!» Мүмкін сендер де бір кездері солай ойлаған шығарсыңдар? Сол күні кешкісін, шәкірттер Исамен бірге келе жатты, ал Петір өзіне толықтай сенімді болды. Қараңғы түсіп, бәрінің көңіл-күйлері мұңлы болды. Кенеттен Иса тоқтап, былай деді. Иса: «Бүгін түнде бәрің де азғырылып, Мені тастап кетесіңдер». Петір: «Жоқ! Барлығы Сені тастап кетсе де, мен Сені ешқашан тастамаймын!» Иса біздің жүрегімізде не бар екенін біледі. Иса: «Петір, Мен сені білемін. Әтеш шақырғанша, сен Мені білмеймін деп үш рет айтасың». Петір: «Тәңір Иса, мен мұны ешқашан істемеймін! Мен Сенен бас тартқаннан гөрі өлгенім артық!» Басқа шәкірттері де солай айтты. Бірақ Иса бұдан әрі не болатынын жақсы білді. Көп ұзамай Исаның жаулары келіп, Оны байлап, алып кетті, сол кезде барлық шәкірттері Оны тастап кетті. Петір де қорқып кетті, бірақ алыстан Исаның соңынан ерді, олар Оған не істейтінін көргісі келді. Петір: «Олар Оны қайда апарады екен? Бас діни қызметкердің сарайына ма? Ал мен ше? Мен адамдардың назарын өзіме аудармауым керек, әйтпесе олар мені де ұстап алар». Петір Иемізді жек көретін адамдардың арасында отқа жылыну үшін отырды. Ол дұрыс істеді ме? Исаның досы Исаны жек көретін адамдармен бірге отыра ма? 1-ші қызметші әйел: «Әй, сен! Мен сені таныған сияқтымын. Сен Исамен бірге болдың ғой, солай емес пе?» Петір: «Сен мен туралы айтып тұрсың ба? Неліктен солай шештің? Мен сенің не айтып тұрғаныңды түсінбеймін!» 2-ші қызметші әйел: «Қараңдар! Ол шынымен де Исамен бірге болды». Петір: «Бұл өтірік! Мен Ол Адамды тіпті білмеймін». Қызметші: «Солай кез келген адам айта алады. Бірақ сен шынымен де Исамен бірге болдың. Сенің дауысың маған өте таныс». Петір: «Бос сөз айтуды доғарыңдар! Мен шынымен де Исаны танымаймын!» (әтеш шақырады) Петір кенеттен оянғандай болды. Сол сәтте Исаны енді ғана алып бара жатқан еді, Ол өтіп бара жатып, Петірге мұңайып қарады. Оның көзқарасы Петірдің жанын тебірентті, және Петір, бірнеше сағат бұрын Исаның айтқанын есіне алды. Петір Исаға берген уәделерін орындамады. Ол бұған өкінді. Ол сыртқа шығып, қатты жылады. Ол Исаның әлі де өзін жақсы көретінін білді ме? Рөлдер: Баяндаушы, Иса, Петір, екі қызметші әйел, қызметші Авторлық құқықтар: CEF Germany |