STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 057 (Taken hostage in Egypt 5) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
57. Мысырда кепілге алынған 5(Ат тұяқтарының дыбыстары) Жүсіп патша күймелерінің бірімен Мысырды аралады. Барлығы онымен амандасып, қолдарын бұлғады. Перғауын Жүсіпті өзіне көмекші етіп тағайындап, оған өзінің мөрі бекітілген сақинасын – билігін берді. Жүсіп бидай алқаптарымен және пальма бақтарымен өтті. Тура Құдайдың айтқанындай болды: жер мол өнім әкелді. (фонда құрылыс құрал-саймандарының дыбыстары естіледі) Жүсіп көптеген астық қоймаларын салды. Онда астықтың мол қоры жиналды. Жүсіптің керемет жоспары болды. Дәл өзі болжағандай болды: жеті жыл молшылықтан кейін жеті жыл ашаршылық келді. Халық перғауынға барды. Халық: «Біз аштықтан өліп жатырмыз! Бізге және балаларымызға тамақ бер!» Перғауын: «Мен мұны Жүсіпке тапсырдым. Оған барыңдар, ол сендерге көмектеседі». Адамдар барлық жерден, тіпті басқа елдерден де келді. Бір күні он ер адам келді. Олар Жүсіпке бас игенде, ол оларды бірден таныды. Бұл оның ағалары еді. Жүсіпке өзінің түстері есіне түсті. Ол ағаларының оны жек көріп, құлдыққа сатып жібергенін есіне алды. Ал олар болса, оны таныған жоқ. Жүсіп оларға қатал болды. Жүсіп: «Сендер қайдан келдіңдер?» Ағасы: «Біз Қанахан елінен келдік. Біз астық сатып алғымыз келеді». Жүсіп: «Бұл өтірік! Сендер тыңшыларсыңдар!» Ағасы: «Жоқ, біз шындықты айтып отырмыз! Бұл шындық! Біз он екі ағайындымыз. Бір ініміз үйде қалды, басқасы қайтыс болды». Жүсіп: «Мен сендердің бірде-бір сөздеріңе сенбеймін. Сонда да мен сендерге астық беремін, өйткені мен Құдайды жақсы көремін. Бірақ сендер кенже інілеріңді осы жерге әкеліңдер, мен мұны қалаймын. Сендердің біреуің бұнда қалады. Сонда сендер міндетті түрде қайтасыңдар». Неліктен Жүсіп оларға соншалықты қатал болды? Олардан кек алғысы келді ме? Жоқ! Ол жай ғана ағаларын сынағысы келді. Ол олардың өзгергенін көргісі келді. Олар Жүсіптің өздерінің тілін түсінетінін білмеді. Ағасы: «Бұның Жүсіпке істеген ісіміз үшін бізге берілген жаза екені анық». Мұны естіген Жүсіп жылап жіберді. Бірақ ол өзін оларға танытпады. Ағайындылар астықты алып, үйлеріне апарды, ал Шимон Мысырда қалды. Олардың әкесі, Жақып, Мысырда не болғанын естігенде, қатты шошып кетті. Олар астықты түгел жеп болғаннан соң, Буняминмен бірге Мысырға қайтуға мәжбүр болды. Олар Мысырға жақындаған сайын, қорқыныш сезіміне бой алдырды. Әрі қарай не болды? Бұл туралы толығырақ келесі шығарылымда. Рөлдер: Баяндаушы, халық, перғауын, Жүсіп, ағасы Авторлық құқықтар: CEF Germany |