STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 114 (An angel came) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
114. Періште келдіАйдар көрпешеде жатып, қызық кітапты оқып жатты. (есіктің қоңырауы соғылды) Айдар: «Бұл кім тағы?» (есік ашылады) Айдар: «Берік, бұл сенсің бе? Сен қайдан келдің?» Айдар таң қалды. Ол күтпегендіктен сөз таба алмай қалды. Берік оның ең жақын досы болды, бірақ ол екі жыл бұрын көшіп кеткен және осы уақыт ішінде олар бір-бірін көрген жоқ еді. Бір күні Яһудеяда, бір жас қызға мүлдем күтпеген қонақ келеді. Ол ескертусіз келіп, оның алдына тұрды. Бұл періште болды! Біздің Құдайымыз осындай. Ол күтпеген кезде кенеттен келеді. Мәриям таң қалып қалды. Періште: «Қорықпа Мәриям. Құдай сені жақсы көреді». Құдай бізбен сөйлесу үшін келеді. Ол әлі күнге дейін бізге Өзінің Сөзі, Киелі кітап арқылы келіп, бізбен сөйлеседі. Кейде Ол кереметтер арқылы, ал кейде адамдар арқылы сөйлейді. Киелі кітап пайда болғанға дейін, Ол жиі адамдармен олардың түстерінде сөйлесіп, оларға періштелерді жіберетін. Періште: «Мәриям, Құдай сенімен бірге. Сенің ұлың болады. Сен Оны Иса деп атайсың». Мәриям: «Бұл қалай болуы мүмкін? Мен үйленген емеспін, менің күйеуім жоқ!» Періште: «Құдай сенімен бір керемет жасайды. Саған Киелі Рух қонып, Құдай сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан сенің балаң Құдайдың Ұлы деп аталатын болады». Мәриям: «Мен Құдайға қызмет етемін. Айтқаныңыз болсын!» Сонда бір керемет болды. Бетлехемдегі қорада Құдайдың Ұлы дүниеге келді. Иса арқылы Құдайдың Өзі біздің әлемге келді. Біз Құдайға келе алуымыз үшін, Ол бізге келді. Мен Туылу мейрамын талай рет тойладым, бірақ мен бұл кереметке таң қалуды тоқтатқан емеспін. Ұлы Құдай адам болып, бізге келді. Иса арқылы Құдай бізге жақындады, Оның адамдарға жақын болғаны соншалықты, олар тіпті Оны көріп, Оған қолдарын тигізе алды. Сондықтан Исаның дүниеге келгеніне қойшылар қатты қуанды. Құдай бізге келеді және Иса арқылы Ол саған да келе алады. Сен Оны өміріңе шақырғың келе ме? Мұны істеу үшін саған дұға ету керек, мысалы, былай: Айдар: «Ием Иса, менің өміріме кіре гөр. Мен Саған жүрегімнің есігін ашамын. Мен мәңгі Сенікі болғым келеді. Мені қатты жақсы көргенің үшін, Саған рахмет!» Сен Құдайға келе алуың үшін, Ол саған келді. Рөлдер: Баяндаушы, Айдар, періште, Мәриям Авторлық құқықтар: CEF Germany |