STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 115 (The greatest Christmas present) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
115. Туылу мейрамына арналған ең ұлы сыйлықҚыз: «Мен Туылу мейрамын тағатсызданып күтемін. Биыл менің тілектерім өте көп!» Бала: «Менің арманым орындалады деп сенемін. Мен шынымен де жаңа смартфонды қалаймын». Балалар, сендер біраз күтулерің керек. Қыз: «Иә, өкінішке орай!» Бақытқа орай, Шимон күткендей ұзақ күтпейсіңдер. Бала: «Ал Шимон деген кім?» Киелі кітапта оның өте кәрі болғаны айтылған. Бұл Иерусалимде өмір сүрген, Құдайға адал қарт адам болатын. Толық 40 жыл, мүмкін одан да көп уақыт бойы, оған өзінің тілегі орындалғанша күтуіне тура келді. Қыз: «Соншама ұзақ па? Оның аңсаған тілегі не еді?» Ол Құдайдың бір уәдесінің орындалғанын көргісі келді. Бала: «Шимон, сен әлемнің Құтқарушысын көрмей тұрып өлмейсің». Шимонға көп күтуге тура келсе де, ол ешқашан үмітін үзбеді. Ол Құдайға сенім артуға болатынын білді. Бір күні ол ғибадатханаға барды. Дәл осы уақытта Мәриям мен Жүсіп, Сәби Исамен бірге сол жерге келді. Шимон Нәрестені көргенде, кенеттен Оның уәде етілген Құтқарушы екенін түсінді! Шимон Исаны көрді және оның аңсаған тілегі орындалды. Бұл оған дүниедегі барлық сыйлықтардан да артық бақыт әкелді! Ол үлкен қуанышпен Сәбиді қолына алып, дұға етті. Шимон: «Тәңір, енді мен тыныштықпен өле аламын, өйткені Сен маған уәде еткеніңді орындадың. Мен әлемнің Құтқарушысын өз көзіммен көрдім!» Шимон туралы поэма тыңдайық: (әуен ойнайды) Иерусалимде Шимон деген қарт адам болды Балалар, осы Туылу мейрамында сендердің барлық тілектерің орындалады ма, жоқ па, мен мұны білмеймін. Бірақ мен бір нәрсені нақты білемін: егер сендер Исаның өз өмірлеріңе келуін шынымен де қаласаңдар және Оны осы өлеңде айтылғандай қабылдасаңдар, онда Иса бүгін сендердің бұл тілектеріңді орындайды! Рөлдер: Баяндаушы, қыз, бала, Құдай, Шимон Авторлық құқықтар: CEF Germany |