Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 060 (Christmas – so different 2)
60. Мүлдем басқаша Туылу мейрамы 2
Таудағы шағын ауылда Туылу мейрамын ешкім тойламады. Иеміз Исаның дүниеге келгеніне ешкім қуанған жоқ. Тек Турея ғана қуанды. Сол күні таңертең, ол басқалардан жасырын түрде інісіне Мәриям, Жүсіп және сәби Иса туралы айтып берді. Ол Туылу мейрамын тойлағысы келді, бірақ оны қалай істеуді білмеді.
Мәсіхшілердің мектебінде, олардың шыршалары, сыйлықтары, шамдары мен Туылу мейрамына арналған әндері болды. Бірақ мұның ешқайсысы да бұл жерде болған жоқ. Ол алжапқышты киіп, қамыр илеуді, құдықтан су әкелуді, ешкі саууды өз мойнына алды. Турея, әлсіреп және шаршаған анасына көмектескеніне қуанды. Бұл сонымен бірге ол үшін Туылу мейрамы сияқты болды. Кешке қарай, олардың үйіне көп қонақтар келді. Барлық туыстары Туреяны көргісі келді, өйткені ол үйде тек мерекелерде ғана болатын.
Олар қуырылған қоянды лавашпен жеді. Бұл өте дәмді болды.
Тамақтанып болғаннан соң, Хассан кенеттен әпкесіне бұрылып:
Хассан: «Турея, бүгін таңертең, сәби Иса туралы айтып берген әңгімеңді, бізге айтып берші» - деді.
Бөлмеде біртүрлі үнсіздік орнады. Бұл жерде Исаның есімі ешкімге ұнамады, сондықтан жиналғандардың барлығы Туреяға наразылықпен қарады. Туреяның немере ағасы Эмин, оған күле бастады.
Эмин: «Мектебіңде олар саған осыны үйретеді ме? Неге бізге бұл туралы айтпадың?»
Турея үндемей қалды. Ол өзін жалғыз және бөтен адамдай сезінді. Көптеген жылдар бұрын Иса Өзін дәл осылай сезінді. Бірақ ол еш нәрсеге қарамастан, Исаға адал болып қалуды шешті.
Сонда оның әкесі былай деді:
Әкесі: «Әрине, Турея Киелі кітаптағы әңгімелерге сенбейді. Ол біздің дініміздің басқа екенін біледі. Бұл рас па, Турея?»
Турея: «Жоқ, мен Исаға сенемін. Ол арқылы ғана біз көкке бара аламыз. Иса былай деді: Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды» (Жохан жазған Ізгі хабар 14:6).
Жиналғандардың барлығы үнсіз он үш жасар қызға жақтырмай қарады. Турея олардың Исадан бас тартқандарына қатты қиналды. Ол үйден жүгіріп шығып, жылап жіберді. Жалғыз ол Тәңір Исаны жақсы көреді. Неліктен басқа ешкім Оны жақсы көрмейді? Турея бұл сұраққа жауап бере алмады.
Кенеттен оның жанына інісі Хассан келді.
Хассан: «Турея, мен сенің әңгімелеріңді тыңдағанды жақсы көремін. Және мен сен сияқты болғым келеді».
Турея қуаныштан күлімсіреп қалды. Енді ол қорықпады. Оның жүрегі мерекелік қуанышқа толы болды. Ол Туылу мейрамын жүрегінде, Исамен бірге тойлады!
Рөлдер: Баяндаушы, Хассан, Эмин, Турея, әкесі
Авторлық құқықтар: CEF Germany