Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 013 (Gifts for Jesus)
13. Исаға арналған сыйлықтар
Абіл атасының ағаштан мүсіншелер ойып жасағанына қарап отырды. Бұлар бақташылардың, Жүсіп пен Мәриямның, сәби Исаның мүсіншелері болатын және олар өте шынайы көрінді. Абіл шаршағандықтан, біраздан кейін ұйықтап қалды.
Түсінде ол Бетлехемдегі қораны көрді. «Аха! Мен кәзір ақырға жақындасам болады» - деп ойлады.
Абіл ақырдың қасына жақындағанда, көңілі түсіп кетті. Кенеттен Иса онымен сөйлесе бастады.
Иса: «Абіл сен неге мұңайып тұрсың?»
Абіл: «Себебі мен Сізге бірде-бір сыйлық әкелген жоқпын».
Иса: «Қайғырма. Менің саған деген үш өтінішім бар».
Абіл: «Мен Сізге қолымдағының бәрін беремін. Ойыншық машиналар, компьютерлік ойындар және де…»
Иса: «Жоқ, бұл заттар Маған керек емес. Мен солар үшін Көктен жерге келген жоқпын».
Абіл: «Олай болса маған қандай өтініштеріңіз бар?»
Иса: «Маған математикадан соңғы бағаңды сыйла».
Абіл: «Бірақ мен математикадан жаман баға алғанмын!»
Иса: «Иә, Мен сол себептен соны сұрап тұрмын. Әрқашан Маған өміріңдегі көңіліңді көншітпейтін жағдайларды әкел. Жарайды ма?»
Абіл: «Жарайды».
Иса: «Мен сенен сұрайтын екінші сый – сенің тостағаның».
Абіл: «Мен оны Сізге бере алмаймын, өйткені мен оны сындырып алғанмын».
Иса: «Сол себептен Мен мұны сенен сұраймын. Маған сеніп, өміріңдегі барлық бұзылған жағдайларыңмен келіп, оларды Маған тапсыр. Жарайды ма?»
Абіл: «Жарайды».
Иса: «Менің үшінші өтінішім. Абіл, анаң сенен тостағаныңды кім сындырды деп сұрағанда, сенің берген жауабыңды Маған айтшы» – деді.
Абіл еңіреп жылап жіберді. Оның жүрегі қатты қайғырды.
Абіл: «Мен... мен анамды алдадым».
Иса: «Абіл, сенің барлық өтіріктеріңді, мойынсұнбаушылықтарыңды және өміріңдегі барлық зұлымдықтарыңды әрқашан Маған тапсыр. Мен сені кешіремін және дұрыс өмір сүруге көмектесемін. Мен әрқашан жаныңда боламын, Мен саған өмір жолын көрсетемін. Осыны қалайсың ба?»
Иә, Абіл мұны өте қатты қалады! Сол күннен бастап ол Исаға сеніп, Оған мойынсұна бастады.
Рөлдер: Баяндаушы, Абіл, Исаның дауысы
Авторлық құқықтар: CEF Germany