STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 169 (Halloween – without me 1) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
169. Хэллоуин – менсіз 1Ховард пен Ив дүкеннің терезесіне жақыннан қарап тұрды. Терезенің ар жағында асқабақтар сұмдық жымиып тұрды. Ив: «Мен Хэллоуин туралы баяндама жазуым керек. Ой, мына бас сүйекті көріп тұрсың ба?» Ховард: «Ол шынайы емес қой!» Ивтің денесінде құмырсқалар жыбырлағандай болып кетті. Ховард: «Сен мерекеге келесің бе?» Ив: «Білмеймін. Мүмкін келемін. Ал енді менің үйге баруым керек». Көршілес орналасқан кондитерлік дүкен, өз печеньелерін «дәмі жынды» деп жарнамалапты. Хэллоуин оларға үлкен табыс әкеліп тұрды. (есік қоңырауы соғылады) Анасы: «Ақыры сен келдің-ау». Ив: «Менің қарным ашты (ыдыстардың шыңғырлауы). Терезенің жанында жатқан, асқабақтан жасалған бас сүйектер қайда кетті?» Әкесі: «Олар қоқыс жәшігінде жатыр». Ив: «Қалайша, қоқыс жәшігінде???» Анасы: «Міне, бүгінгі газеттен мына мақаланы оқы» (газеттің шуы). Хэллоуиннің шын мәнінде не екенін оқығанда, Ив пиццаға тұншығып қала жаздады: 31 қазан – бақсылар мен шайтанның мерекесі. Ежелгі кельттердің жаңа жылы. Ол 2000 жылдан астам уақыт бұрын тойланды. Кельттер Құдайсыз өмір сүрді. Олар көптеген құдайларға сенді, олардың арасында өлім құдайы Самайн болды. Сол түні ол өлгендер үшін келеді деп есептелген. Ив: «Демек, Хэллоуин – шайтанның мерекесі!» Хэллоуин ағылшын тілінен аударғанда, Барлық Әулиелер Күнінің қарсаңында, дегенді білдіреді. Ертеде сиқыршылар шалқанның ішін ойып алып, оның ішіне шамды қойған. Сосын олар үйдің алдына осындай «шамды» қойып: «Не сыйлық, не қарғыс!» деп айқайлаған. Кім Самайнға құрбандық шалмаса, сол қарғыс атқан болатын. Әкесі: «Тәттілер сұрайтын, бетперде киген рухтар бізге осы пұтқа табынушылық мерекесін еске түсіреді. Киелі кітап былай дейді: Жамандықтан аулақ бол! Хэллоуин – зұлымдық түні». Анасы: «Мен бұл туралы білмеппін. Енді мен нақты шешім қабылдадым: Хэллоуин – менсіз өтеді!» Әкесі: «Сен құрбандық шалу туралы оқыдың ба?» Адамдарды шайтанға құрбан еткендер туралы оқығанда, Ив бозарып кетті. Бұл не деген сұмдық! Шайтан – өтірікші және қанішер. Ал Хэллоуин – оның күні. Әкесі: «Құдай біздің пұтқа табынушылық рәсімдеріне қатыспау керектігін айтты. Сондықтан мен былай айтамын: Хэллоуин – менсіз өтеді!» Балалар, ал сендер қалай ойлайсыңдар? Сендер Иса Мәсіхке сенесіңдер ме? Егер сенсеңдер, онда сендердің өмірлеріңде шынайы қуаныш бар болады және сендерге бұл «қорқыныш мерекесі» қажет емес. Ив: «Мен Хэллоуинді тойламаймын. Қазір мен Ховардқа “эс-эм-эс” жіберемін: Хэллоуин – менсіз!» Мен бұл мереке сендерсіз де өтеді деп үміттенемін! Хэллоуин туралы көбірек білгілерің келсе, маған жазыңдар! Рөлдер: Баяндаушы, Ив, Ховард, анасы, әкесі Авторлық құқықтар: CEF Germany |