Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 168 (All is well with Terry 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

168. Терримен бәрі жақсы 6


Филип пен Рут қатты ұйықтап жатқандықтан, түн ортасында үйдегі қадамдардың дыбыстарын естімеді. Олар дәрігердің түні бойы Терридің төсегінің жанында отырғанын білмеді.

Ізгі Бағушы Иса, Терриді білдірмей және тыныш қолына алып, көктегі үйіне алып кетті.

Рут келесі күні таңертең Терридің қайтыс болғанын білді. Ол қатты жылады. Филип екеуі ең жақын достарынан айырылды.

Жерлеу рәсімінде қауым жетекшісі, Робинджер мырза, Ізгі Бағушы Иса туралы әңгімені дауыстап оқыды. Жерлеу рәсімінен кейін, Рут мұңайып орманды аралап жүрді. Терри қайтыс болды, деген ойдың өзі оны қорқытты. Ол каштан ағашының түбіне отырып, жылап жіберді.

Тэннер мырза: «Рут, сен неге жылап тұрсың?»

Кенеттен оның қасына Тэннер мырза келді. Ол жайлауда жайылып жүрген қойлардың иесі еді. Рут оған не болғанын айтып берді.

Рут: «Мен ол үшін көп дұға еттім. Бірақ ештеңе болған жоқ. Терри бәрібір өліп қалды!»

Тэннер мырза: «Сенің ойыңша, Иса қателесті ме? Менің бір қойым қатты ауырып қалса, мен оны алып, бұрынғыдан да жақсы жайлауға апаратын едім, оған бұрынғы орынға қарағанда сол жерде жақсырақ болар еді, бұған сен не айтар едің?»

Рут түсіне бастады.

Тэннер мырза: «Иса Терриді алып, оған өте жақсы болатын жерге оны апарды. Сондықтан сенің мұңаймауың керек».

Рут: «Бірақ олар оны жерге көміп тастады! Қалай ол Ізгі Бағушымен бірге бола алады?»

Тэннер мырза жерден бір каштанды көтеріп алды.

Тэннер мырза: «Қарашы, Рут! Каштан қабығы ештеңеге жарамайды. Өмір оның қабығында емес, өмір – өзегінде. Оның өзегінен жаңа ағаш өседі. Терридің денесін қабықпен салыстыруға болады. Ол жерде жатыр, енді ол оған мұқтаж емес. Оның ішкі “өзегі”, шынайы өмірі – Исада. Онда оның ешқашан ауырмайтын жаңа денесі бар. Бұл туралы ойланып көрші, Рут».

Рут үйге келгенде, Филип оның енді мұңаймай жүргенін байқады.

Филип: «Рут, маған Ізгі Бағушы туралы айтып бергенің үшін рахмет, мен де Онымен таныстым. Терри қазір Онымен бірге. Бір күні біз де Оған барамыз».

Рут: «Ал ертең мен мектептегі балаларға Ізгі Бағушы туралы айтып беремін, сонда олар да Онымен танысады».

Балалар, ал сендер Ізгі Бағушы Иса туралы кімге айта аласыңдар?


Рөлдер: Баяндаушы, Тэннер мырза, Рут, Филип

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 28, 2023, at 11:06 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)