Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 170 (Halloween – without me 2)

Previous Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

170. Хэллоуин – менсіз 2


Джейн: «Мен Хэллоуинді – керемет мереке деп ойлағанмын және қорқыныштың бәрі – жәй ғана әзіл деп ойладым. Бірақ бұл мейрамның шайтанға табыну екенін білгенімде, соған қатысуды тоқтаттым».

Джейн сияқты көптеген басқа балалар да Хэллоуинді тойламайды.

Карл: «Мен бұл мерекеге арнап дайындалған тағамдарды жемеймін. Франкенштейн пиццасы, өрмекші қан сорпасы – фу, жиіркенішті. Осыдан жүрегім айнып тұр!»

Қыз: «Біз ағылшын сабағында Хэллоуин туралы сөйлестік. Әкем мұғалімге бұл мейрамның аруақтармен байланысты екенін айтты. Басқаша айтқанда, бұл мерекеге көзге көрінбейтін күштер қатысады. Сонда мұғалім маған сабаққа қатыспауға рұқсат берді».

Ал Ральф неге Хэллоуинді тойлағысы келмейді?

Ральф: «Мен Құдайға сенемін және Оның айтқанын орындағым келеді».

Киелі кітаптан Заңды қайталау кітабының 18 тарауының 9 аятын оқып берші:

Ральф: «Сондағы халықтардың істеп жүрген жиренішті салттарына еліктеп үйренбеңдер!»

Құдай – сүйіспеншілік! Ол бізді сүйгендіктен, алдын ала ескертеді. Оның өсиеттері жақсы. Оны тыңдаған адам – шайтанның тұзағына түспейді.

Бетти: «Мен Хэллоуиннің артында шайтанның тұрғанын бұрын білмедім. Бірақ мен бұл туралы кітапшадан оқығанда, қатты шошып кеттім. Енді мен бәріне бұл туралы ескертіп жүрмін. Мен бұл кітапшаны мектепте де дауыстап оқыдым. Мұғалім маған мұны істеуге рұқсат берді. Мен бұл туралы дәл қазір біліп отырған жалғыз адам емеспін деп ойлаймын. Бірақ қазір мен былай айтамын: Хэллоуин – менсіз! Көп адамдар жақын арада осылай айтады деп үміттенемін. Егер мен Хэллоуиннің – шайтанның мерекесі екенін бұрын білгенімде, мен оған ешқашан қатыспас едім».

Балалар, мүмкін сендер де бұл мерекеге білмей қатысқан шығарсыңдар. Бұған өкініп жатырсыңдар ма? Қорықпаңдар. Иса – Жеңімпаз! Оған дұға етіңдер, Ол сендерді естиді. Мысалы, былай дұға етсеңдер болады:

Бала: «Тәңір Иса, мені сүйгенің үшін Саған алғыс айтамын. Мен Хэллоуинді тойлағаныма өкінемін, мені кешіре гөр. Мен енді бұған қатыспаймын. Енді мен Сен үшін өмір сүргім келеді және Сенің Сөзіңді, Киелі кітапты оқығым келеді. Мен Саған сенемін. Менің күнәларым үшін өліп, тірілгенің үшін, Саған рахмет! Әумин».

Иса мұндай дұғаларға бірден жауап береді. Балалар, Ол сендерді кешіреді, өйткені Ол сендерді сүйеді! Егер сендер Одан сендердің өмірлеріңе кіруін сұрасаңдар, Ол әрқашан да сендермен бірге болады және сендерді қорғайды.

Бетти сияқты істеңдер: Басқаларға да Хэллоуин туралы шындықты айтыңдар. Мүмкін олар да Исаға сеніп: «Хэллоуин – менсіз!» - деп айтатын шығар.


Рөлдер: Баяндаушы, Джейн, Карл, қыз, Ральф, Бетти, бала

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:47 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)