Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 117 (Sad Christmas memory 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

117. Қайғылы Туылу мейрамы 1


Майя ұйқылы көздерімен басқа жағына аударылды. Кенеттен ол бүгін Туылу мейрамы екенін есіне түсіріп, төсектен атып тұрды!

Майя: «Клаус! Клаус, сен қайдасың?»

Клаус: «Майя, мұнда тез кел».

Майя: «Сен неге аулаға шықтың? Ауырып қаласың ғой».

Клаус: «Майя, Аяз ата осы жерге келді! Сен оны бізге, тауға шыға алмайды деп айтқан едің ғой. Мен бәрібір қызыл шұлығымды іліп қойған едім, міне, қара! Ол маған бір нәрсе әкелді!»

Майя шұлықтың ішіне қарағанда, оған қардай аппақ мысықтың кіріп алғанын көрді. Клаус оны үйіге әкелді.

Клаус: «Мен оны Ақшақар деп атаймын. Ой, мен өте қуаныштымын!»

Клаус мысыққа жылы сүт берді, ал Майя әжесінің тербелетін орындығына отырып, оған қарады. Ол бұдан 5 жыл бұрын болған Туылу мейрамын есіне алды.

Сол кезде ол жеті жаста болды, ата-анасы оны көрші әйелмен және оның ұлы Фридлимен бірге қауымға жіберді. Майяға хордың ән айтуы мен қауым жетекшісінің сәби Иса туралы айтқан әңгімелері қатты ұнады. Бірақ ол әлгі қара шашты Фридлиді ұнатпайтын. Ол одан зімбір пірәнік сұрады. Майя оны оған бермеді. Ешқашан да бермеймін! Ол ашулана бұрылып, үйіне қайтты. Міне осылай болды! Майя Туылу мейрамының кешін қуана күтті. Ол әкесінің жүзіндегі мұңды көріп, қатты таң қалды.

Майя: «Анам өзін жақсы сезінбей жатыр ма?»

Әкесі: «Иә, Майя, ол қатты ауырып жатыр. Ол сені көргісі келеді».

Майя үнсіз жүріп анасының төсегіне жақындады. Анасының әлсіреген дауыспен айтқан сөздерін, ол ешқашан ұмытпайды:

Анасы: «Майя, менің саған сыйлығым бар. Сенің кішкентай інің. Оған қамқорлық көрсет».

Майя баланы қолына алды. Анасы осымен не айтқысы келді? Кейін әкесі қыздың жанына келді.

Әкесі: «Майя, анаң енді бізбен бірге емес. Ол Туылу мейрамын көкте тойлап жатыр. Ол өзінің өлетінін білді, сондықтан ол саған кішкентай Клаусты тапсырды».

Майя әкесінің құшағында ұйықтап кеткенше ұзақ жылады. Бұл өте қайғылы Туылу мейрамы болды.

Майя терең ойға батып, әжесінің қалай бөлмеге кіргенін байқамады.

Клаус: «Әже, бізге көк туралы айтып бере аласыз ба?»

Клаус әжесінің, көз жасы төгілмейтін керемет жер туралы айтатын әңгімесін тыңдағанды ұнататын.

Бірақ Майяның жүрегінде тыныштық болмады, өйткені ол Фридлиге әлі де ашулы еді. Оның жүрегінде Иса үшін орын қалмады. Сөйтіп, жағдайы одан сайын нашарлады.

Одан әрі не болғанын келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Майя, Клаус, әкесі, анасы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:18 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)