STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 082 (The special submarine 2) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
82. Арнайы сүңгуір қайық 2Бала: «Қызық, Жүніспен не болды екен?» Қыз: «Егер ол ақылды болғанда, Құдайға мойынсұнып, Одан қашуға тырыспас еді». Бала: «Ал оның киімдері құрғақ болып қалар еді!» Құдай адамдарды құтқарғысы келеді, сондықтан Жүніс Ниневиге баруға мәжбүр болды. Осымен Жүністің сапары біткен сияқты болып көрінді. Құдайдың кереметі болмағанда, расында да бітер еді. Бірақ Құдай адамдарды құтқарғысы келеді! Жүністі де. Сондықтан Құдай ол үшін ерекше «сүңгуір қайықты» жіберді. Теңізге лақтырылған пайғамбарға үлкен балық жүзіп келіп, оны жұтып алады. Жүніс осы балықтың қарнында үш күн, үш түн бойы жатты. Теңіздің ішінде ол енді Құдайдан қаша алмады. Ол Құдайға жалбарынып, өзін құтқаруды сұрады. Жүніс: «Ием, Сенің қалауыңмен, олар мені теңізге лақтырды. Ал толқындар мені жан-жақтан қоршап алды. Мен өлемін деп ойладым. Бірақ Сен мені құтқардың! Рахмет Саған! Мен Сенің айтқаныңның бәрін орындауға уәде беремін!» Құдай барлық адамдарды естиді. Сенің көңілің түсіп, мұңайған кезде де Ол сені естиді. Құдай Жүністің дұғасын естіп, балыққа жағаға қарай жүзіп, қорытуға ыңғайсыз «тұрғынды» түкіруді бұйырды. Құдай адамдарды құтқарғысы келеді, сондықтан Ол Жүніске қайтадан бұйырды. Құдай былай деді: «Жүніс, Жүніс, ұлы қала Ниневиге барып, оларға уағызда, саған айтқанымды, халыққа жарияла!» Жүніс Ниневиге барды (қадам дыбыстыры мен үлкен қала көшелерінің шуы). Жүніс: «Тыңдаңдар! Құдай мені сендерге жіберді! 40 күннен кейін сендердің қалаларың күйреп, тас-талқан болады. Құдай сендердің барлық күнәларыңды жазалайды! Себебі, сендер өтірікшісіңдер, неке адалдығын бұзушыларсыңдар, алаяқсыңдар, кісі өлтірушісіңдер, ұрысыңдар. Құдай мұның бәрін көріп тұр!» Халық Жүністі үрейленіп тыңдады, оның уағызы оларға қатты әсер етті. Әйел: «Ол дұрыс айтады. Біз Құдайдың алдында күнә жасадық. Енді біз не істейміз?» Патшаның жаршысы: «Патшаның бұйрығын тыңдаңдар! Ешкімге ішіп-жеуге рұқсат етілмейді. Әрбір адам жасаған күнәларына өкініп, Құдайға жалбарынуы керек. Мүмкін Ол бізді еститін шығар. Әділетсіз істерді қойып, жаңа өмір бастайық». Елестетіп көріңдерші! Осы қаланың түгел 120 мың үлкен-кіші тұрғыны Құдайға жалбарынды. Олар өздерінің Құдайсыз өмірлеріне тәубе етті. Күндер өтіп жатты: 38-ші күн, 39-шы, 40-шы. Бірақ Құдай оларды жазалаған жоқ. Олардың кешірім сұраған дұғаларын естіп, Құдай оларды кешірді. Бұл тамаша емес пе? Адамдар Құдайды шақырып, құтқарылды. О, бұл біздің қаламызда немесе ауылымызда болғанда ғой! Құдай адамдарды құтқарғысы келеді. Балалар, сонымен қатар сендерді де және басқаларды да! Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз, Жүніс, Құдай, әйел, патша жаршысы Авторлық құқықтар: CEF Germany |