STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 009 (He came and He'll come) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
9. Ол келді және Ол келедіЖылдың ең керемет мезгілі енді ғана басталды! Туылу мейрамына дайындық кезінде дүкендер мен көшелер безендіріледі. Үйлерде шыршалар ойыншықтармен және алтын жұлдыздармен безендіріледі. Туылу мейрамына арналған гүл шоғында бірінші шам жағылады. Мен бұл сағатты әрқашан асыға күтемін, менің ойымша, сендер де күтесіңдер. (Туылу мейрамына арналған нәзік ән фонда ойнап тұр) Қыз: «Шам жанып тұр. Мен бұл тамаша уақытқа қуаныштымын. Бұл шам Құдайдың сені және мені жақсы көретінін білдіреді; Оның Ұлы Сәби болып туылды!» Туылу мейрамының алдында төрт шам жағылады, олардың әрқайсысы бізге жақсы жаңалықтар әкеледі. Бірінші шамның еске түсіретіні: Иса көктен жерге келді. Ол біздің күнәларымыз үшін айқышта өлу үшін осы дүниеге біз сияқты адам болып келді. Ол жерленді, бірақ үшінші күні Ол қайта тірілді. Қазір Ол тірі! Екінші шамның білдіретіні: Иса - әлемнің Жарығы. Ол әр адам үшін Жарық. Және Ол сенің жүрегіңді жарыққа және қуанышқа толтырғысы келеді. Үшінші шам уәде береді: Ол келе жатыр! Иеміз Иса жерге қайта келеді. Бірақ 2000 жыл бұрын ақырда жатқан Сәбидей емес. Бұл жолы Ол - Тәңір әрі Патша ретінде келеді. Төртінші шамның хабары: Оны күт және дайын бол! Ал ең бастысы, сен бүгін Оны өз өміріңе қабылда. Бұл Оның келуіне арналған ең жақсы дайындық болып табылады. Иса жерге қайта келеді! Бұл Туылу мейрамындағы кез-келген жағылған шамнан да жарық жаңалық. Сендерге Туылу мейрамын қуанышпен өткізуді тілеймін. Келесі жолы бізде Туылу мейрамына арналған сұрақ-жауап болады. Біз сендерді соған қатысуға шақырамыз. Рөлдер: Баяндаушы, қыз Авторлық құқықтар: CEF Germany |