Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 010 (A Christmas quiz)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

10. Туылу мейрамына арналған сұрақ-жауап


Бүгін бізде Туылу мейрамына арналған сұрақ-жауап болады.

Қыз: «Барлық жауаптарды білемін деп үміттенемін!»

Мен барлығы дайын деп сенемін!

Туылу мейрамы - Иеміз Исаның Туылған күнін тойлайтын мереке. Жыл сайын бүкіл дүние жүзіндегі адамдар Оның Туылған күнін тойлайды. Мен де оны тойлаймын. Мен әлемнің Құтқарушысының дүниеге келгеніне өте қуаныштымын.

Екі мың жыл бұрын Иса дүниеге келді, түн ортасында Періште пайда болды. «Қорықпаңдар!» - деді ол қойларын күзетіп жүрген малшыларға. «Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол - Иеміз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер».

Кенеттен Періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып: «Құдайға шүкір! Құтқарушы дүниеге келді!» - деп мадақтады.

Құдай әлемдегі барлық адамдарды ерекше сүйеді!

Енді Туылу мейрамына арналған сұрақ-жауапты бастайық. Барлығың дайынсыңдар ма? Әрбір сұраққа мен екі ықтимал жауап беремін: дұрыс және бұрыс. Сендер дұрыс жауабын жазуларың керек. Ендеше, бастайық!

1. Иса қай қалада дүниеге келді? Бетлехемде немесе Каирде?

2. Исаның анасының есімі кім болған? Сара немесе Мәриям?

3. Мамандығы бойынша Жүсіп кім болған? Электрик пе немесе ағаш ұстасы ма?

4. Періштелер дүниенің Құтқарушысы келгені туралы хабарды кімге жеткізді? Малшыларға ма, әлде Иродқа ма?

Жауаптарыңды бізге пошта немесе электронды пошта арқылы жіберсеңдер болады. Бізге хат жібергенде, өздеріңнің мекенжайларыңды және жастарың нешеде екенін жазуды ұмытпаңдар. Біз сендерге міндетті түрде жауап жазамыз.

Қыз: «Тамаша! Мен дәл қазір жазамын!» - деді.

Мен саған кеңес бере аламын: егер сенде Киелі кітап болса, Лұқа жазған Ізгі хабардың 2-тарауындағы Исаның туылуы туралы оқиғаны оқысан, сол жерден сен дұрыс жауаптарды табасың.


Рөлдер: Баяндаушы, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:52 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)