Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 031 (Alarm on the farm)
31. Фермадағы өрт сиреналары
Сәлем балалар! Сендер Томды білесіңдер ме? Ол Оңтүстік Америкада фермада тұрады. Бірде ата-анасы оның туылған күніне тірі балапанды сыйлады. Том оны өзі бағып, қақты. Балапан есейіп, тауық болды. Сары үлпілдек - ақ қауырсынға айналды, ал Том болса, өзінің тауығына Ақ ханым, деп ат қойды. Ол оған қорада ұя жасады, ал Ақ ханым әр жаңа жұмыртқа басқан сайын қыңқылдап дыбыс шығарды.
(тауықтың дыбысы)
Егістік алқапта дәнді дақылдар өсті, олардың сабақтары күннен-күнге жоғары көтерілді, ал Ақ ханым белгісіз себептермен енді жұмыртқаламайтын болды.
Том: «Анашым, Ақ ханымға не болды? Ол жұмыртқа баспай жүр және үнемі егістікте, дәнді дақылдар арасында тығылып жүреді…»
Ана: «Кішкене күте тұр, Том».
Оның анасы бұны күлімсіреп айтты. Бірнеше апта өтті және Том мұның себебін білді.
Том: «Анашым! Қараңызшы, анашым!»
Егістіктен Ақ ханым және онымен бірге бір топ кішкентай балапандар келе жатты. Том өте қуанды.
(сиренаның дыбысы)
Бір күні егістікте өрт сиреналары шырылдады. Дәнді дақылдар өрттің ішінде қалды. Өрт фермаға дейін жетті.
Том: «Ақ ханым қайда? Әлде ол…»
Том мұндай бақытсыздық туралы тіпті ойлағысы да келмеді. Ол өртенген егістікті аралап, оны іздеді. Кенеттен ол аяғының астында жатқан күйіп кеткен тауықты көрді. Том оны көтеріп қалғанда, оның астынан бәрі бірге шоғырланып, зәрелері ұшқан балапандарды көрді. Олар тірі және еш зақымсыз болды.
Том: «Бұл қалай болуы мүмкін?»
Ана: «Жануарлар қауіптің жақындағанын біледі. Өрт балапандарға жеткенде, олар анасынан қорған іздеді. Тауық ұша алды, бірақ балапандар әлі ұша алмайтын. Ақ ханым өзінің балаларын жақсы көрді және балапандарын аман сақтап қалу үшін, оларды қанатының астына алып, өзі өртелді. Ол балапандарды аман сақтап қалу үшін өзін құрбан етті».
Әке: «Бұл Исаның сүйіспеншілігіне ұқсайды. Том, әрқашан есіңде болсын, біз өмірге ие болуымыз үшін, Иса Өз өмірін біз үшін берді».
Рөлдер: Баяндаушы, Том, ана, әке
Авторлық құқықтар: CEF Germany