STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 030 (Meeting Jesus)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

30. Исамен кездесу


Сәлем балалар! Сендер өздеріңді бұдан 2000 жыл бұрынғы уақытта өмір сүріп жүрміз және Исаны жеке танимыз деп елестетіп көріңдерші. Сендер Оны көріп, естисіңдер, бұл керемет емес пе, солай ма?

Дана, сенің Исамен керемет танысқаның қалай болған еді?

Дана: «Анам бізді балаларға арналған бағдарлама бойынша үйде оқытқан. Біз Көкке тек Иса арқылы жете аламыз және тек Ол ғана біздің барлық күнәларымызды кешіре алады, өйткені Ол біз үшін өлді. Біз бұл туралы көп сөйлесіп, көп ойландық. Егер ешқашан күнә жасамаған Сол Тұлға, адамдар үшін осындай жақсылық жасауды қалаған болса, онда Оның бізді өте қатты жақсы көретіні болғаны ғой. Мен мұны түсінгенде, Оны жүрегіме шақыруды шештім».

Сен Оны қалай шақырдың?

Дана: «Мен дұға еттім және Оны жүрегіме шақырдым».

Әрі қарай не болды?

Дана: «Содан кейін мен Онымен сөйлесе бастадым және Оған мені мазалайтын барлық жағдайлар туралы айтамын, сонымен қатар Оның көмегі үшін көп алғыстар айтамын. Иса менен жаңа адам жасады, енді мен Оған бар жүрегіммен сенім артамын және Ол мені ешқашан ұятқа қалдырмайды!»

Аида, сен де Исаны жүрегіңе шақырдың. Барлығы қалай басталғанын айтып берші.

Аида: «Бәрі де маған қатты ұнаған өлеңнең басталды» (фонда әуен ойнап тұрады…):

“Бар адамзатты сүйесің: жарлыны, байды да.
Жас, қартты, күшті, әлсіз, түсініп бар жайды да.
Бізді Өзің жараттың, шексіз сүйіп, сенесің,
Сен аспаннан біздерге мол батаңды бересің.
Сені сүйеді, мені сүйеді. Құдай бар адамдзатты сүйеді.
Әрбір күндерде, барлық сағатта, бәрімізді шексіз сүйеді.”

Мен бұл өлеңді айттым және осы өлеңнің мазмұны жеке өзіме қатысты шындық екенін түсіне бастадым. Сол күні кешке мен анаммен сөйлесіп, онымен бірге дұға еттім. Мен Исамен осылай таныстым. Оның менің өміріме кіруін өтіндім, және бірден иығымнан ауыр жүк түскендей болды. Кенеттен өзімді өте жеңіл және еркін сезіндім! Мен адамдардың Исамен кездесуді кешіктірмегенін қалаймын. Бұл таңқаларлық және керемет!»

Балалар, Иса сендердің де Өзімен танысқандарыңды қалайды, өйткені Ол сендерді қатты жақсы көреді!

Иса былай деді: «Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін» (Жохан жазған Ізгі хабар 6:37).

Сен де Дана сияқты Исаға өз күнәларыңды мойындай аласың; және дәл Аида сияқты - Оның өз өміріңе кіруін сұрай аласың. Иса дұғаларға жауап береді. Ал сен сол кезде Құдайдың баласы боласың!


Рөлдер: Баяндаушы, Дана, Аида

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:57 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)