Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 108 (Bela's Bible)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

108. Беланың Киелі кітабы


Сығандардың фургоны ауыл жолының бойымен дірілдеп келе жатты. Балалар қолдарын бұлғады.

Бела: «Әке, мен фермада жұмыс істегім келеді».

Әкесі: «Ол жерде жұмыс істеп, сен тез жалығып кетесің».

Анасы: «Бела жұмыс істей ме? Бұл күлкілі!»

Ата-анасының оның жұмыс істегісі келетініне соншалықты немқұрайлы қарағанына Бела ренжіді. Олар келесі ауылға келгенде, ол фургоннан секіріп түсіп, қашып кетті.

Ол терезелерінде гүлдері бар, фермашылардың үйлерін ұнататын. (есікті қағады)

Фермашы: «Иә! Кім бұл?»

Бела: «Менің атым Бела. Мен сіздерде жұмыс істегім келеді».

Фермашы: «Бұл керемет. Біз қазір картоп қазып жатырмыз, бізге көмек керек еді. Бірақ алдымен тамақтану керек. Үйге кір».

Ас үйден шыққан дәмді иіс Беланың тәбетін ашты.

Фермашы: «Біз тамақ ішер алдында дұға етеміз. “Барлық жақсы сый мен бізде бардың бәрі Өзіңнен, Құдайым. Барлығы үшін Саған алғыс айтамыз. Әумин”».

Бела үшін дұға ету және Киелі кітапты оқу мүлдем жаңа істер болды.

Ол мейірімді фермашымен жұмыс істегенді ұнататын. Тіпті жұмыс күннің соңында, оның белі ауырса да, оған жұмыс қуаныш сыйлады. Бір апта өтті. (ит үреді)

Бела: «Не болды, Нерон? Доп ойнағың келе ме?»

Нерон бірдеңені естіп, құлағын көтерді. Бела да мұны естіді. (алыста біреудің скрипкада ойнап жатқаны естіледі)

Бела: «Нерон, біреу скрипкада ойнап жатыр. Бұл менің ата-анам шығар. Олар оттың жанында отырып, кірпі қуырып, ән айтып жатқан шығар. Маған біртүрлі өкінішті болып тұр. Түсінесің бе?»

Бела ас үйге кірді. Ол жерде ешкім болмады. Ол үстелден Киелі кітапты алып, қараңғыда жоқ болып кетті.

Әкесі: «Бела, ақыры сен келдің-ау. Бізге бірдеңе әкелдің бе?»

Бела: «Мен сендерге мына кітапты әкелдім».

Анасы: «Оны бізге Гудло оқып бере алады».

Гудло: «О, қараңдар! Бұл Киелі кітап. Онда “Тәңір Иса Мәсіхтің Жаңа Өсиеті”, деп жазылған».

Анасы: «Жақсы кітап. Бізге оны оқып берші!»

Гудло: «Бір адам Исаға келіп: Құтқарылуым үшін не істеуім керек? - деп сұрады. Иса оған былай деп жауап берді: Құдайдың өсиеттерін орында. Ұрлық жасама...»

Әкесі: «Ұрлық жасама?»

Сығандар бір-біріне өздерін кінәлі сезініп қарады, себебі олардың әрқайсысы ұрлық жасайтын. Ал Бела болса, қазір ғана Киелі кітапты ұрлап әкелді. Бірақ сол күні кешке оны қайтарды.

Фермашы: «Бела, сен бізді қатты таң қалдырдың! Біздің Киелі кітабымызды алдың ба? Мен оны саған сыйлаймын!»

Бела: «Шынымен ба? Мен оны өзіме қалдыра аламын ба?»

Бела қуанып кетті. Киелі кітап арқылы сығандар Исаны танып, Оған сенуді үйренді.


Рөлдер: Баяндаушы, Бела, әкесі, анасы, Гудло, фермер

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)