Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 045 (The catastrophe 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

45. Апат 4


Гаитиде қатты дауыл соғып тұрды. Бұл кедей елде қорқынышты дауылдар жиі егінді құртады. Аспан түнеріп, жаңбыр жауып тұрды, ал сиқыршы Орестил ауыр дем алып, тауға шықты. Жарқ еткен найзағай жарқылында ол Виктордың жартастың үстінде тұрғанын көрді.

Орестил: «Мен оны өлтіремін. Ол бәріне кінәлі, өйткені ол үнемі Иса туралы айтады, сол үшін аруақтар бізден кек алып, бізге дауыл жіберді. Мен оны өлтіремін және бәрі оны жартастан құлап кетті деп ойлайды».

Осылайша, Орестил кісі өлтіруді жоспарлап, тауға шығуды жалғастырды. Кенеттен ол үлкен шұңқырға құлап, аяғын бұрап алды. Ол үшін әрі қарай жүру мүмкін емес еді.

Орестил: «Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!»

Найзағайдың арасында Виктор біреудің көмекке шақырғанын естіді. Ол сиқыршының не үшін оның соңынан ергенін білмеді.

Орестил: «Маған көмектес. Мен үлкен қызыма барғым келеді, ол тауда тұрады».

Орестил өте қу өтірікші болды. Бірақ Виктор оған көмектесті. Ол жараланған Орестилді таудағы үйшікке абайлап апарды, онда олар жаңбырдан паналады. Бір кезде күңіреген шудың дыбысы шықты. Бұл найзағай емес еді. Шу тоқтаған жоқ, керісінше күшейе берді. Тау қатты дірілдеді. Үлкен тастар жартастан домалап, ауылға құлады. Орестил шошып кетті.

Орестил: «Менің әйелім! Менің Тифамым! Біз оларға көмектесуіміз керек!»

Виктор: «Орестил, сен неге мені тыңдамадың? Мен саған жер көшкіні туралы ескерткен едім ғой! Әйелің мен қызың өлсе, олардың өліміне сен кінәлі боласың!»

Ерекше күшпен және Виктордың көмегімен, Орестил бұрын өзінің үйі тұрған жерге жетті. Ол ессіз топырақты қазуға кірісті. Кенеттенн ол тоқтап қалды.

Орестил: «Менің әйелім өлі! Бірақ бұл жерде бірдеңе қозғалып жатыр. Тифам!»

Ол қызын тастардың астынан шығарып, құшағына алды.

Орестил: «Тифам, менің Тифамым!»

Виктор: «Тәңір Иса, бізге көмектес! Елші қызметкерлерді азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен жібере гөр!»

Иса Виктордың дұғасына жауап берді. Көп ұзамай көмек келді, ал Тифам тікұшақпен елші қызметшілердің ауруханасына жеткізілді.

Онымен не болғанын келесі шығарылымда біле аласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Орестил, Виктор

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:01 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)