Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 046 (How to become a child of God 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

46. Қалай Құдайдың баласы болуға болады 5


Гаитиде қорқынышты апат болды. Дауылдан кейін Тифам тұратын ауылға таулардан үлкен тастар құлады. Бірақ Құдай оның өмірін сақтап қалды. Елші қызметшілердің ауруханасында Тифам тез сауығып кетті. Медбикелер Тифамды қатты ұнатып, оның сауығып кеткеніне өте қуанды.

Медбике: «Сенің жағдайың жақсы болды, Тифам. Сен оқу мен жазуды үйренгің келе ме?»

Тифам: «Иә, мен мұны қалаймын! Бірақ мен бұл кітаптан қорқамын».

Медбике: «Киелі кітаптан қорқудың қажеті жоқ. Онда Исаның барлық балаларды жақсы көретіні туралы айтылған».

Осыдан кейін Тифам елші қызметшілердің мектебіне бара бастады. Дін сабағында ол құлағын жауып алатын, бірақ кейде айтылғандарды тыңдайтын. Ол мұғалім жиі айтатын, «Құдайдың баласы», дегенді түсінбеді. Бұл сөздерді естігенде ол жиі мойнында ілініп тұрған бойтұмарды қатты ұстайтын. Бір қыз оның істеген әрекетіне күлді. Қорқыныш сезіміне бой алдырған Тифам, жылап, сыныптан жүгіріп шықты.

Медбике: «Тифам, сен неге жылап тұрсың?»

Тифам: «Мен мұны түсіне алмаймын. Қалайша Құдайдың баласы болуға болады?»

Медбике: «Дәл Киелі кітапта айтылғандай, егер адам Исаға сеніп, Одан өз өмірінің Иесі болуын сұраса, ол Құдайдың баласы болады».

Тифам: «Мен мұны істесем, әкем мені жазалайды. Мен қорқамын».

Медбике: «Бір күні сенің әкең де Исаны өз өміріне қабылдасын деп, дұға етейік».

Тифам батылдық жинап, дұға етті.

Тифам: «Ием Иса, мен Саған сенемін. Менің күнәларымды кешіре гөр және менің өміріме кіруіңді сұраймын!»

Медбике: «Енді сен Құдайдың қызы болдың! Және бұдан былай Иса әрқашан сенімен бірге болады».

Тифам (қуанып): «Мен - Құдайдың қызымын!»

Арада бірнеше күндер өтті, Тифамның әкесі оны үйіге алып кету үшін келді. Тифамның кетер алдында, елші қызметшілер оған Киелі кітапты сыйлады. Әкесі қызына күдіктене қарады, бірақ ол үйге жеткенше, Тифамға ештеңе айтпады.

Орестил: «Сен де осы Исаға сенесің бе?»

Тифам: «Иә әке, мен Құдайдың қызымын. Сіз де Исаны өз өміріңізге қабылдаңыз. Егер сіз мұны жасасаңыз, сіз Құдайдың баласы боласыз, бұл туралы Киелі кітапта айтылған».

Тифам сөзін жалғастырып үлгермеді. Орестил оның қолынан Киелі кітапты жұлып алып, оны жүздеген бөліктерге жыртып, лақтырып жіберді.

Ал одан әрі не болды?

Бұл туралы келесі шығарылымда айтатын боламыз.


Рөлдер: Баяндаушы, медбике (елші қызметшілердің ауруханасынан), Тифам, Орестил

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:01 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)