Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 118 (Шаналардың соқтығысуы 2)
118. Шаналардың соқтығысуы 2
Балалар, сендер мектепке шанамен барғыларың келе ме? Майя мен Фридли Швейцарияның Альпі тауларында тұрды және олар күн сайын таңертең шанамен жазыққа түсетін еді. Бірақ олар бірге түспеді, өйткені олар бір-бірін жек көрді. Неліктен олар бір-бірімен тіл табыса алмады? Бір сейсенбі күні қайғылы оқиға болды. Фридли бұлай болғанын мүлде қаламады. Бұл кездейсоқ болды. Ол шананы тым қатты итеріп жіберіп, Майяның шанасына соғылды. Екеуі еңістіктен төмен қарай құлап түсті.
Майя: «Ақымақ! Сақ болмайсың ба! Соқырсың ба не?»
Фридли: «Кешір Майя. Бұл кездейсоқтық. Саған көмектесуге рұқсат ет».
Майя: «Жоғал! Мен сенің көмегіңсіз тұра аламын».
Фридли: «Ашуланба, ақымақ қыз!»
Майя мектепке кешігіп келді. Ол қатты тоңып қалды, кітаптары дымқыл болды.
Мұғалім: «Майя, саған не болды?»
Майя: «Бәріне Фридли кінәлі. Ол мені еңістікке итеріп жіберді де, тастап қашып кетті!»
Барлығы Майяны аяп, Фридлиге ашулана қарады. Майяның жан дүниесі Фридлиден ешқандай да артық емес екнін ешкім білмеді. Сыныптағылардың бәрі, анасы жоқ, бейшара сыныптасының жағында болды.
Адамдар сыртқы жағына қарайды, ал Құдай жүрекке қарайды.
Тыныш дауыс Майя мен Фридлиге жек көрудің күнә екенін айтты. Бірақ Майя да, Фридли де бірінші қадамды жасағысы келмеді. Көп ұзамай жағдай қиындай түсті.
Көктемде, қар еріген кезде, Фридли Клаусты тау етегінде кездестірді. Ол мысығымен ойнап жүрді.
Фридли: «Сен не істеп жатырсың?»
Клаус: «Майяға гүл теріп жатырмын».
Фридли: «Ой-ой-ой, Майяға дейді! Сенің әпкең ақымақ!»
Фридли Клаустың қолындағы гүлдерді тартып алып жерге лақтырып жіберді де, оларды таптап тастады.
Клаус: «Мен әкеме айтып беремін!»
Фридли: «Жоқ айтпайсың!»
Фридли мысықты көтеріп алып, оны жарға жақын ұстады. Содан кейін бәрі найзағайдың жылдамдығымен болды. Ақшақар Фридлині тырнай бастады, ал ол болса оны жібере салды. Мысық жартасқа құлады. Бес жасар Клаус жардан төмен түсіп, көзден таса болды. Қорыққан Фридли құзға қарап:
Фридли: «Клаус! Клаус, сен амансың ба? Жауап бер!»
Үнсіздік. Фридли жан-жағына қарап, үйіне қарай жүгірді. Ол қораға тығылып, жылап жіберді. Ол тыныштала алмады.
Әрі қарай не болды екен? Бұл туралы келесі бөлімде білетін боласыңдар.
Рөлдер: Баяндаушы, Майя, Фридли, мұғалім, Клаус
Авторлық құқықтар: CEF Germany