STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 047 (Arsonist 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

47. От жағушы 6


Жексенбі күні кешке, Тифам аулада отырып, күннің батып бара жатқанын бақылап отырды. Ол жақында Құдайдың қызы болғанына өте қуанды. Оның әкесі, Орестил есімді сиқыршы, одан Киелі кітапты алып, оны жыртып тастады. Бірақ ол, Тәңір Исаны, Тифамның жүрегінен ала алмады. Тифам әкесіне ренжіген жоқ. Оның әкесі ауланың арғы жағында отқа жылынып отырды. Тифам оны жақсы көрді. Қызық екен, әкесі соңғы жаңалықтарды біледі ме? - деп ойлады Тифам.

Тифам: «Білесіз бе, әке, Виктор біздің ауылға әр жексенбіде уағыз айту үшін келеді».

Орестил: «Ол мұны бекер істейді!»

Орестил ашуланғандай кейіп танытып, өзі таңертең Виктордың уағызын тыңдау үшін қауымға жасырын барғанын, қызына мойындамады. Осы уақыт бойы, ол Виктордың сөздері туралы ойлап отырды.

Виктор: «Иса менің өмірімді өзгертті. Мен рухтардан қорқып, оларға қызмет еткенмін. Бірақ мен Құдайдың сүйіспеншілігі туралы естігенде, Оған сендім. Енді мен Исаның әрқашан менімен бірге екенін біліп, қуанамын. Мен ешқашан жалғыз қалмаймын!»

Орестил өзінің аруақтарға арнап салған үйшігіне барды.

Орестил: «Әй, рухтар, күш-қуаттарыңды көрсетіңдер! Аспаннан от түсіп, осы қауымды өртеп жіберсін! Әлде мен сендерге көмектесуім керек пе?»

Түн ортасында Орестил қауымға барды. Оның қолында жанып тұрған ағаш болды. Ол күліп, отты қауымның сабан шатырына жақындатты.

Кенеттен біреу сиқыршының қолын қатты тартып жіберді, Орестил жерге құлап түсті.

Орестил: «Виктор, сен бұл жерге қайдан келдің?»

Виктор: «Иса мені сенімен сөйлесуге жіберді. Ол сені сүйеді».

Орестил: «Ол мені қалай сүйе алады? Мен аруақтарға қызмет еттім, өтірік айттым, сені өлтіргім келді, енді қауымды өртеп жіберейін деп келдім. Оның үстіне, мен Тифамның Киелі кітабын жыртып тастадым. Ал сен, Ол мені сүйеді, дейсің бе?»

Виктор: «Сенің әрбір күнәң үшін Ол айқышта өлді. Ол сені кешіреді!»

Орестил: «Мен мұның бәріне өкінемін. Мен жүрегімде тыныштық орнап, Құдайдың баласы болғым келеді».

Сиқыршы қалжыңдаған жоқ. Ол шынымен де барлық сиқыршылық заттарын өртеп, жаңа өмір бастады. Оның нұрлы жүзіне қарап, барлығы қуанды. Осының бәрі Тифамды қатты қуантты.

Иса Гаитиде жеңіске жеткендей, біздің өмірімізде де жеңіске жетті. Ол Құдайдың баласы болғысы келетіндердің барлығын қабылдайды.

Өйткені Киелі кітапта былай айтылған: «Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың балалары болуға құқықты етті» (Жохан жазған Ізгі хабар 1:12).


Рөлдер: Баяндаушы, Тифам, Орестил, Виктор

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:01 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)