STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 034 (The most important question)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

34. Ең маңызды сұрақ


Шәкірттер үнсіз тауда тұрып, аспанға қарады. Исаның олармен сөйлескен сәтінен тіпті бір минут өткен жоқ. Кенеттен Ол аспанға көтеріліп, олардың көз алдарында бұлттың ішінде жоқ болып кетті.

Сол сәтте шәкірттердің алдында ақ киімді екі Періште пайда болды, шәкірттер көргендеріне таң қалды.

Періште: «Сендер неге сонша мұқият аспанға қарап тұрсыңдар? Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді» - деді.

Иса қайтадан келеді! Бұл қандай тамаша уәде! Иса қоштасар алдында адамдарға осындай керемет уәде қалдырды!

Қыз: «Исаның қайта келетіні рас па?»

Иә, Ол Киелі кітапта былай деген: барып, орын дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.

Бала: «Ал Иса нақты қашан келеді?»

Шәкірттері де Одан бұл туралы сұрады, Ол оларға былай деп жауап берді:

Иса: «Сендерге ол күннің қашан болатынын білудің қажеті жоқ. Мені ұмытпау сендер үшін әлдеқайда маңызды. Маған сеніңдер және Менің келуімді күтіңдер. Қайта келетін уақытты тек Құдай Әкем ғана біледі».

Алайда Иса біз Оның келу уақытын біле алатынымызды айтты. Ол Жерге қайта келмес бұрын әлемде соғыстар мен жер сілкіністері болатынын айтқан. Мұның бәрі болған кезде, біз Исаның келуі жақындап қалғанын білетін боламыз.

Қыз: «Ал Иса екінші рет қалай келеді?»

Бала: «Бұлттардың үстінде келе ме?»

Балалар, мұқият тыңдаңдар. Ол күтпеген жерден келеді. Оның келетінін газеттер де, немесе смс-хабарламалар да жарияламайды. Бірақ Оны бәрі көреді. Исаны ұмытып, Онсыз өмір сүргендерді, «Ол жоқ» дейтіндерді – үлкен қасірет күтіп тұрады. Ал Оны сүйіп, күткендер, бақытты болады және Онымен бірге көкке барады.

Мен Онымен біргемін бе? Ал сендер балалар, Онымен біргесіңдер ме? Бұл әлемдегі ең маңызды сұрақ.

Құдай әркімнің Оны батыл таңдап, көкке барғанын қалайды, өйткені Ол бізді жақсы көреді.

Тәңір Исаға деген сенім - біздің Оның жағында екеніміздің кепілі.

Иса қайтадан келеді! Мен біз осыны көп күтпейміз деп сенемін.


Рөлдер: Баяндаушы, Періште, бала, қыз, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:58 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)