Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 106 (End of the line 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

106. Жолдың соңы 6


Жол бер - Біржақты қозғалыс - Тұйық көше - Көлік тұрағына тыйым салынады - Жол бер - Тоқтаусыз қозғалысқа тыйым салынады (STOP)…

Жол белгілері болмаса, қала жолдарында толық тәртіпсіздік болатын еді. Жол белгілері болмаса ел шытырманға айналар еді.

Халықардың үлкен тобыры шөл далада келе жатты. Ешқандай жол немесе белгілер болмады. Бірақ, бір жол белгісі болды. Бұл бағана тәрізді бұлт болды. Құдайдың Өзі Өз халқының алдында жүріп, оларды мысыр құлдығынан уәде етілген жерге алып келе жатты.

Өз халқын тура жолға салатын Құдаймен кім теңесе алады?

Бағана тәрізді бұлт тоқтаған кезде, адамдар демалуға мүмкіндік алды. Ал ол қайтадан қозғала бастағанда, бәрі орнынан тұрып, жол жүруін жалғастырды. Түнде ол жалындаған от бағанасына айналды және ол жолды ең күшті прожектордан да жақсы жарықтандырды.

Өз халқын тура жолға салатын Құдаймен кім теңесе алады?

Исраилдік: «Бұлт тоқтады. Енді біз шатырды орната аламыз».

Исраилдік әйел: «Біз дәл Қызыл теңіздің жағасындамыз. Қандай керемет!»

Бала: «Мен онда жүзе алам ба?»

Исраилдік: «Ой, мен ана жерде не болып жатқанын көре алмай тұрмын. Артқа қараңдар!»

Исраилдік әйел: «Бұл мүмкін емес! Олар осында келе жатыр!»

Исраилдік: «Мысырлықтар біздің артымызда! Біз тұзаққа түстік!»

Исраилдік әйел: «Мұса, сен бізді мына қорқынышты шөл далаға не үшін әкелдің?»

Мұса: «Қорықпаңдар! Біздің Құдайымызбен кім теңесе алады? Ол бізді құтқарады!»

Кенеттен исраилдіктер мен мысырлықтардың арасында үлкен бұлт пайда болды. Ол жаудың жағынан қараңғы болғанымен, исраилдіктердің жағында жарқырап тұрды.

Осылай көмектесетін Құдаймен кім теңесе алады? Ол үшін мүмкін емес ештеңе жоқ!

Мұсаның Құдай берген аса таяғы болды, ол соны Қызыл теңізге қарай созды (долы толқындардың дыбыстары).

Исраилдік: «Бұл керемет! Мынаған қараңдар! Жол! Дәл теңіздің ортасында!»

Исраилдік әйел: «Оң жақта және сол жақта су қабырғасы. Құдай бізге жол ашты!»

Осындай кереметтер жасайтын Құдаймен кім теңесе алады?

Расында да, теңіздің ортасынан құрғақ жол пайда болды. Бүкіл исраилдіктер осы жолдан өтіп, теңіздің арғы бетіне шықты.

1-ші мысырлық: «Олардың артынан жүрейік, алға! Біз де бұл жолдан өте аламыз».

2-ші мысырлық: «Ой, арбаның дөңгелектері балшыққа батып кетті. Біз өлдік! Құдай бізге қарсы соғысып жатыр!»

Осыны айтып үлгерген бойда, мысырлықтарды жан-жақтан су басып жатты. Бүкіл мысыр әскері суға батып кетті.

Исраилдіктер: «Біз құтқарылдық! Құтқарылдық! Біздің Құдайымыз жауларымызды талқандап, оларды мәңгілікке жойды».

Олар Құдайға мадақ пен шүкіршілік әнін қуанышпен шырқады.


Рөлдер: Баяндаушы, исраилдік, исраилдік әйел, бала, Мұса, екі мысырлық

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:16 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)