Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 085 (The fiery oven miracle 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

85. Отты пештің ішіндегі керемет 3


Қалада ені 3 метр, биіктігі 30 метрдей алып пұт орнатылды. Бұл адамдардың көз алдында болды және оны байқамау мүмкін емес еді!

Патша жаршысы: «Патшаның бүкіл халыққа айтқан бұйрығын тыңдаңдар! Әуен ойнай басталғанда, бәрі етбетімен құлап, Набуходоносор патша орнатқан алтын мүсінге тағзым етсін! Кімде-кім етбетімен жығылып, оған табынбаса, ол отты пешке лақтырылады!»

Бұл бұйрыққа ешкім қарсы болған жоқ. Барлығына бәрі түсінікті болды. Тек үш жігіт үнсіз шетте тұрды. Олар патшаның бұйрығына риза болмады. Көп жылдар бұрын олар өз елінен, Яһудеядан тұтқын ретінде бұл жерге әкелінді. Оларды отанынан айырды, бірақ олардың Құдайға деген сенімінен ешкім айыра алмады.

Олар патшаның бұйрығын орындай алмайтындарын және пұтқа тағзым епейтіндерін түсінді.

(әуен ойнайды) Барлығы етбеттерімен құлап, пұтқа тағзым етті.

Үш достан басқа барлықтары. Бұл, әрине, байқалды.

Айыптаушы: «Мәртебелі, сіз бәріне алтын пұтқа тағзым етуді бұйырдыңыз. Ал мына үш яһуди сіздің бұйрығыңызды орындамады!»

Патша: «Немене? Олар менің бұйрығымды орындамады ма? Оларды тез арада маған әкеліңдер!»

(Даниялдың достары патшаның алдына әкелінді)

Патша: «Алтын мүсінге табынбайтындарың рас па? Мен сендерге тағы бір мүмкіндік беремін. Қыңыр болсаңдар, қызып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Тәңірлерің сендерді ол жерден құтқарады деп ойламаңдар!»

Егер сендер осындай жағдайда болсаңдар, сендер үшін не құндырақ болар еді: тірі қалу ма, әлде Құдайға адал болу ма? Үш досқа ұзақ ойланудың қажеті болмады.

Даниялдың досы: «Егер Құдайымыз қаласа, Ол бізді тіпті отты пештен де құтқара алады. Бірақ ол жерден бізді құтқармаса да, біз Оған адал боламыз! Біз ешқашан да пұтқа табынбаймыз!»

Бұл жастар Құдайды бәрінен де қатты жақсы көрді. Набуходоносор ашуланды.

Патша: «Пешті жеті есе күштірек қыздырып, оларды сол жерге тастаңдар!»

Оларды отты пешке лақтырды. Пештің ыстық болғаны сонша, оларды тастаған қызметшілер мұндай ыстыққа шыдамай, өлі күйде құлап қалды.

Патша отқа мұқият қарап тұрды.

Патша: «Ана жақта, оттың ішінде төрт адам жүр ғой! Біреуі Құдайға ұқсайды!»

Патша пештің есігін ашты.

Патша: «Шығыңдар, Құдай Тағаланың қызметшілері!»

Олар пештен аман-есен шықты. Үшеуінің шаштары да күймепті, шапандары да өртенбепті, тіпті оттың иісі де оларға сіңбепті! Расында да Құдай оларды оттан құтқарды.

Балалар, сендер Құдайдың осындай кереметтер жасай алатынын білесіңдер ме? Қайда жүрсеңдер де, әрқашан Оған адал болыңдар!


Рөлдер: Баяндаушы, патша жаршысы, айыптаушы, патша, Даниялдың досы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:11 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)