STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 086 (Prayer prohibited 4) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
86. Сиынуға тыйым салынады 4Патшаның уәзірлері Даниялдан құтылғылары келді. 1-ші уәзір: «Сен соңғы қауесеттерді естідің бе?» 2-ші уәзір: «Әрине! Даниял бүкіл патшалықта екінші адам болатын сияқты. Біз оған қалай кедергі жасауды ойластыруымыз керек». 1-ші уәзір: «Бұл оңай шаруа емес». 2-ші уәзір: «Мүмкін біз оның дінінен бір себептер таба алармыз? Ол күніне үш рет Құдайға сиынады. Мүмкін біз патшаны сиынуға тыйым салатын заң шығаруға көндірсек ше?» Бірақ не үшін? Даниял бұл адамдарға ешқандай жамандық жасаған жоқ қой. Құдай оны елдегі жоғарғы лауазымға қойды, және бұл басқаларды ызаландырып, олардың көреалмаушылықтарын тудырды. 1-ші уәзір: «Тезірек, патшаға барайық! Ол жаңа заңға қол қоюы керек». 2-ші уәзір: «Уа, ұлы мәртебелі, Дарий патша, барлық уәзірлер осы жаңа заңға қолыңызды қойғаныңызды қалайды: келесі 30 күндік мерзім ішінде кім де кім өзіңізден басқа кез келген тәңірге, не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын. Бұл заң бүкіл елге жариялансын, және оны ешкім өзгерте алмасын». Олардың зұлым жоспарынан хабары жоқ патша, бұл жаңа заңға қолын қойды. Бірақ Даниялдың өмірінде Құдай барлық уақытта ең маңызды орында болды және бұл заң ол үшін ештеңені де өзгертпеді! Даниял бұрынғыдай Құдайға сиынып жүрді, ал жаулары болса мұны көрді. 1-ші уәзір: «Уа, мәртебелі, Дарий патша! Жақында сіз өзіңізден басқа адамнан немесе Құдайдан сұрауға тыйым салынатын жаңа заңға қолыңызды қойдыңыз». Патша: «Иә, дәл солай». 2-ші уәзір: «Бірақ Даниял күніне үш рет Құдайына сиынады. Біз осыны өзіміз көрдік. Оны арыстандарға тастау керек!» Патша: «Даниял ма?» Патша Даниялды жақсы көрді және оны қорғағысы келді, бірақ ол мұны істей алмады. Өйткені заңның аты заң. Патша: «Даниял, сенің Құдайың саған көмектессін!» Даниялды арыстандардың апанына тастады. Патша түні бойы ұйықтай алмады. Таңертең ол арыстандардың апанына асыға жүгірді. Патша: «Даниял, сенің Құдайың сені құтқарды ма?» Даниял: «Уа, патша! Мәңгілік өмір сүр! Құдайым періштені жіберіп, ол арыстандардың аранын жауып тастады, олар маған тиіскен жоқ». Даниял аман қалды, бұған патша өте қуанды. Ол Даниялды апаннан шығаруды бұйырды. Даниялдың денесінде бір сызық та болған жоқ. Құдай керемет жасады! Даниял құрметке ие болды, ал оның жауларын арыстандардың апанына тастады. Патша: «Менің бүкіл патшалығымда барлық адамдар Даниялдың Құдайын қастерлеулері тиіс. Ол – тірі Құдай! Ол құтқарады және көмектеседі». Даниялдың сенімі үлкен жемістер берді. Онымен бірге өмір сүргенің үшін және сенімің үшін, тірі Құдай сені де марапаттайды. Рөлдер: Баяндаушы, екі уәзір, патша, Даниял Авторлық құқықтар: CEF Germany |