STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 087 (I don't want to live any more) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
87. Менің бұдан былай өмір сүргім келмейдіМектеп оқушыларына бағалары қойылған жұмыстары таратылды. Айнұр қуаныштан жарқырап тұрды. Ол ата-анасына өзінің «5» бағаларын көрсетуге асықты. Ал Арман болса, керісінше, нашар көңіл-күйде болды. Оның көңілі түсіп, кітаптарын сөмкесіне салды. Біржан: «Арман, біз бүгін велосипед тебеміз бе?» Арман: «Жоқ, бүгін бармаймын». Біржан: «Сен неге соншама уақыт жиналып жатырсың? Әлде түнде осында қалуды шештің бе?» Арман: «Сен бара бер. Менің үйге барғым келмейді. Математикадан – “-3”. Қазақ тілінен – “2”. Әкем мұны көрсе, мені өлтіреді. Менің өзімді өлтіргенім жөн. Мен бұдан былай өмір сүргім келмейді. Мен ақымақпын, ақымақтарды ешкім жақсы көрмейді!» Біржан: «Бос сөзді айтуды доғар! Әкең сені жақсы көреді. Ол саған сыйлықтар сатып алып жүр ғой». Арман: «Мүлдем олай емес! Ол өзін және жұмысын ғана жақсы көреді. Басқаның бәрі оған маңызды емес». Біржан: «Менің әкем де періште емес. Ол мені қателескен кезде ғана байқайды. Сонда ол мені ұрыса бастайды. Мен қатты қиналып жүрмін! Менің де кейде өмір сүргім келмейтін еді». Арман: «Ал қазір ше?» Біржан: «Қазір мен Исаның бар екенін білемін. Мен қателессем де, Ол мені жақсы көреді. Мен Оған әрқашан келе аламын, Ол мені барлық кемшіліктеріммен қабылдайды. Ол менің Досым. Мен Оны көрмесем де, Оның әрқашан менімен бірге екенін білемін. Ол менің мықты болуымды талап етпейді; мен тіпті Оның алдында жылай аламын. Бұл маған расында да көмектеседі және сен маған сенсең болады». Арман: «Сен бақыттысың ғой! Мен де сен сияқты сене алсам ғой!» Біржан: «Велосипед тебіп, сөйлесейік. Менің сенімен барғанымды қалайсың ба? Мен сенімен бірге болсам, мүмкін әкең қатты ашуланбайтын шығар?» Арман: «Иә, мүмкін. Сен - жақсы доссың!» Біржан: «Ал демалыстан кейін біз кейде үй тапсырмаларын бірге жасай аламыз». Біржанның досын тастамағаны жақсы болды. Бірақ Арман әлі де қобалжып жүрді. Бірақ бір керемет болды: әкесі Арманның бағаларын көргенде, оған ашуланбады. Тіпті мектепте оқып жүргенде өзі де жиі нашар баға алатынын мойындады. Ата-аналар өздерінің балаларынан мінсіздікті талап еткенде, бұл балалар үшін қиынға соғады. Бірақ Иса ондай емес. Сен қандай болсаң да, Иса сені қабылдайды. Ол сені әлсіздіктерің мен күшті жақтарыңа қарамастан жақсы көреді. Ол сенің не нәрсеге қабілетті екеніңді біледі және сен үшін ненің қиын екенін де біледі. Және Ол саған көмектескісі келеді. Сондықтан, ешқашан көңілің түспесін, әрқашан да Оған сен! Исаны білу - сенің сыныптағы ең үздік оқушы болатыныңды білдірмейді, бірақ Ол саған табысқа жетуге көмектеседі. Ол саған оқудағы тәртіп пен қуанышқа үйретеді. Көңілің түспесін, Исаға сен! Оның көмегімен сен өзің ойлағаннан да көп нәрсені істей аласың! Рөлдер: Баяндаушы, Біржан, Арман Авторлық құқықтар: CEF Germany |