Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 088 (The big contest question)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

88. Талқылауға арналған сұрақ


Талқылауға арналған сұрақ: Дүниедегі ең дана адам кім?

Қыз: «Менің ойымша, мұғалімнің сүйікті оқушысы, Бауыржан».

Бала: «Ал, менің ойымша, Димаштың миы компьютер сияқты жұмыс істейді».

Қыз: «Ой, анау Димаш па? Ол өзін ең ақылдымын деп санайды, онда тұрған ешнәрсе жоқ».

Ойланайық, балалар, мүмкін басқа біреу шығар?

Бала: «Университеттегі профессор».

Қыз: «Немесе ғылыми жаңалық ашқан өте ақылды адам».

Бала: «Мысалы, Эйнштейн немесе Пифагор».

Сендер менің сұрағыма әлі де жауап бермедіңдер.

Дүниедегі ең дана адамның кім екенін білесіңдер ме?

Киелі кітапта бұл туралы не айтылғанын тыңдаңдар.

Иса кімді дана деп санайды? Мұқият тыңдаңдар, өйткені сендер де әлемдегі ең дана адам бола аласыңдар!

Иса: «Менің сөздерімді тыңдап, оларды орындайтын адам, үйін тасқа салған дана адамға ұқсайды. Демек, ол алдымен берік іргетас салды, іргетас көрінбейтін болса да, ол үйдің астында тұр. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа салынған.
Ал сөзімді тыңдап, бірақ оны орындамаған адамды, үйін құм үстіне салған ақымақпен салыстыруға болады. Жаңбыр жауып, жел соққанда бұл үй опырылып құлап қалады».

Исаны тыңдаған адамдар Оның тәліміне таң қалды. Дана адамның белгісі атақ немесе асқақ сөздер емес. Бірақ не екен?

Дана адамды танудың бір жолы бар.

Балалар, егер сендерде Киелі кітап болса, Матай жазған Ізгі хабардың 7-тарауының 24-аятын оқыңдар.

Матай 7:24 біздің сұрағымызға қысқа және анық жауап береді. Ендеше, ең дана адам кім?

Жауаптарыңды бізге жіберіңдер. Біз сендердің хаттарыңды күтетін боламыз!

Сондай-ақ сендер де, Иса дана деп санайтын адамдардың бірісіңдер ме, осы туралы ойланып көріңдер?


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:11 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)