Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 021 (Sin begins little by little 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

21. Күнә кішкентайдан басталады 6


Ахаб патша сарайды аралап жүрді. Қайта-қайта терезенің қасына барып, оның жақтауына сүйеніп, жүзімдікті тамашалады.

Ахаб: «Бұл жүзімдік менікі болуы керек! Ол менің сарайымның дәл жанында орналасқан. Мен оны әдемі орамжапырақ өсетін баққа айналдырамын».

Ол жүзімдіктің иесіне барды.

Ахаб: «Набутай, маған жүзімдігіңді сат».

Набутай: «Мен жүзімдігімді сата алмаймын! Бұл жер маған ата-бабамнан қалған мұра. Құдай заңы бойынша мұраны сатуға рұқсат етілмейді».

Ахаб қатты ренішпен бұрылып, тіпті қоштаспастан кетіп қалды. Көңіл-күйі бұзылып, ол төсекке жатып қалды.

Балалар, сендер қалаған затқа немесе жақсы нәтижеге қолдарың жетпеген кезде көңіл-күйлерің бұзылады ма?

Ахаб патша ашуланып бетін қабырғаға бұрды.

Езабел: «Саған не болды?» - деп сұрады.

Езабел патшаны не мазалап жүргенін білгенде:

Езабел: «Орныңнан тұрып, көңіліңді көтер. Мен сенің тілегіңді орындаймын» - деді.

Патшайым қала ақсақалдарына хат жазып, оған патшаның жалған қолын койып және патшаның мөрімен бекітті. Ақсақалдарға жіберілген хатта былай деп жазылды: «Жиналыс өткізіңдер, Набутайды соған шақырып, оны былай деп айыптаңдар: “Сен Құдайға және патшаға тіл тигіздің, сол үшін өлуің керек”».

Патшайымның бұйрығы орындалды. Набутай ешнәрсе күдіктенбестен жиналысқа келді, сол күні кешке ол өлтірілді.

Кішкентай күнәнің осындай сұмдық әрекетке апаруы қандай қорқынышты.

Көрдің - қаладың - қызғандың - тәкаппарлық таныттың - ренжідің - алдадың - өлтірдің!

Набутайдың мерт болған туралы хабар бүкіл елге тез тарады. Жүзімдік енді Ахабтың иелігінде болды. Бірақ ол Құдайдың бұған қалай қарайтыны тұралы ойламады. Күтпеген жерден патшаға Ілияс пайғамбар келеді. Ахаб таңданғаннан шошып кетті.

Ахаб: «Мені таптың ба, менің жауым!»

Ілияс: «Иә, таптым. Сен күнәға бой алдырдың, жүрегіңде оның өсуіне жол бердің. Құдай күнәні жек көреді, сондықтан Ол сені және отбасыңды жояды!»

Бұл сөздер патшаға тыныштық бермеді. Ол өзінің істеген барлық істеріне өкінді. Құдай оның жүрегін көріп, оған мейірімділік көрсетті.

Біз Иеміз Исаның алдында күнәларымызды мойындаған кезде, Ол бізге адал болады және барлық күнәларымызды кешіреді.


Рөлдер: Баяндаушы, Ахаб, Езабел, Набутай, Ілияс

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:55 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)