Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 022 (Chariot of fire to heaven 7)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

22. Отты күймемен аспанға 7


Балалар, жақында Ілияс пайғамбарды іздеуі туралы айтқаным естеріңде ме? Оның жоғалып кетуі жұмбақ күйінде қалды.

Баяндаушы: Еліше, сен Ілиястың ең жақын досысың. Оның қайда екенін білесің бе?

Еліше: «Иә, мен білемін».

Баяндаушы: Сен қуанып тұрған сияқтысың. Айтшы, ол қайда?

Еліше: «Ілиястың кетер алдында, үстіндегі киімін шешіп алғаны менің есімде. Мен онымен баруды шештім. Пайғамбар мұны қаламады, бірақ бәрібір ол мені көндіре алмады. Жолда біз пайғамбарларды кездестірдік, олар бізден: “Бүгін Ілиястың бізбен болатын соңғы күні екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады».

Баяндаушы: Сен бұл туралы естігенде, мұңайып қалған боларсың?

Еліше: «Мен бұл туралы бұрыннан білдім және пайғамбарларға үндемеуді бұйырдым. Біз одан әрі шығысқа қарай жылжып кеттік. Иорданға жеткенімізде, сол жерде көпір көрмедік. Ілияс шапанын шешіп, орап алып, сонымен судың бетін ұрды. Не болғанын елестетіп көріңіз! Өзеннің суы қақ айырылды, және біз өзеннің арғы жағына құрғақ жермен өте шықтық».

Баяндаушы: Бұл рас па?

Еліше: «Иә, мен мұны өз көзіммен көрдім! Мен Құдайдың ұлылығына және құдіретіне өте ризамын, Оның әлсіз адамдар арқылы осындай кереметтер жасайтынына таң қаламын!
Жол бойында біз Құдай туралы сөйлестік. Кенеттен мүлдем таңғаларлық көрініс болды. Аспанда жалындаған отты аттар жегілген жалындаған отты күйме пайда болды.
Мен таң қалдым. Күйме жақындап, Ілиясты көтеріп алды, ол Құдайдың көзге көрінбейтін көктегі Патшалығына кетті. Мен оны шақырдым, бірақ ол көзге көрінбей кетті, содан бері мен оны ешқашан көрмедім. Құдай Ілиясты аспанға даңқты түрде алып кетті».

Баяндаушы: Сондықтан оны ешкім таба алмады. Біздің сұрақтарымызға жауап бергенің үшін рахмет, Еліше. Енді жұмбақ анық болды.

Әдетте, біздің жердегі өміріміз өліммен аяқталады. Бірақ біз үшін өміріміздің қалай және қашан аяқталатыны маңызды емес, біз үшін - өлгеннен кейін қайда болатынымыз маңызды.

Кәзір Ілияс пайғамбар Құдаймен бірге мәңгі өмір сүріп жатыр, өйткені ол жер бетінде Құдаймен бірге өмір сүрді. Киелі кітапта бір керемет аят бар:
«Құдайдың Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ» (Жоханның 1-х 5:12).

Келесі шығарылымда Петірдің Исамен бірге қалай өмір сүре бастағанын айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, Еліше

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:55 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)