Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 023 (Peter starts again 8)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

23. Петір қайтадан бастайды 8


Бала: «Петірге не болды?»

Қыз: «Бүгін ол біртүрлі болып жүр».

Бала: «Бір себептермен ол әдеттегідей қалжыңдамайды».

Қыз: «Иә және ол сөйлемейді».

Петір көңілсіз болып көрінді. Ол арқасына көзге көрінбейтін ауыр жүкті арқалап жүрді. Бұл жүкте не болды? Ол бұл туралы ешқашан айтпаған.

Бір қызығы, ол жексенбілік мектепте болғанда бұл жүктің салмағын ерекше сезінді. Арқасында осы ауыр жүк болғанда Петір ешқашан Құдайға ұнамды бола алмайтынын білді.

Ол терең ойға шомып үйіне қарай жүрді. Ол жалғыз қалғысы келді, сондықтан бөлмесіне кетті.

Петірдің ойында оның арқалап жүрген жүгі болды:
• ол дүкеннен ұрлаған заттар
• анасының әмиянынан ол жасырын алған ақша
• әсер қалдыру үшін ол айтқан өтіріктер және лас әзілдер

Осының бәрі тоқтатылуы керек, - деп ойлады Петір. Ол Киелі кітап әңгімелерінен Исаның бәрін өзгертіп, жаңадан жасай алатынын білді. Петірге жаңа бастама қажет болды, сондықтан ол ешқашан істемеген әрекетті жасады: ол дұға етті. Ол Исаға бәрін айтып, күнәлары үшін өкінетінін айтты.

Петір көрінбейтін, бірақ әрқашан қасымызда және бізді еститін Құдаймен сөйлесті.

Петір: «Ием Иса, мен туралы бәрін білсең де, мені жақсы көретінің үшін Саған рахмет. Өтінемін, өтіріктерім, ұрлықтарым, жаман сөздерім үшін мені кешіре гөр. Маған таза жүрек бере гөр, өміріме кіріп, менің Тәңірім бол. Аумин».

Дұға еткеннен кейін Петір өзін еркін сезінді, өйткені Иса осындай дұғаларға бірден жауап береді. Ол қуана:

Петір: «Ием Иса, мені кешіргенің үшін және әрқашан менімен бірге болатының үшін рахмет!» - деді.

Айналадағылардың бәрі Петірдің өзгергенін байқады. Кейбіреулер оны мысқылдап, түсінбесе де, Петір оларға бұл өзгерісінің себебін айтып берді.

Мүмкін сен де ауыр жүкті арқалап жүрген боларсың?

Мен сенің жүгіңде не бар екенін білмеймін, бірақ мен бір нәрсені анық білемін - сен Исаға бәрін айта аласың. Петір сияқты әрекет жаса! Және бұл туралы бізге жаз.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз, Петір

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:55 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)