STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 156 (Esther – star of the East 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

156. Естер – шығыс жұлдызы 1


Жас қыз: «Сендер мені білесіңдер ме? Менің атым Хадаса. Мен Парсы елінде тұрамын. Бірақ мен бұл жерден емеспін. Менің ата-анам қайтыс болған. Олар тіпті менің есімде де жоқ. Мені Мардохай деген туысым асырап алды. Ол маған әкемдей болды. Біз Сузы деген ұлы қалада тұрамыз. Мұндағылар мені Естер деп атайды. Парсы тілінде, бұл есім – “шығыс жұлдызы” дегенді білдіреді».

Бұл ақылды, әрі сұлу бойжеткен бір күні жарық жұлдыздай жарқырап, атақты болатынын ойламаған еді.

Естер патшайым болды. Оның оқиғасы Киелі кітапта айтылған.

Оны құдіретті патша Ахасуер таңдады. Патша оны басқа жас қыздарға қарағанда көбірек ұнатып қалды. Патша оның басына тәжі кигізіп, үлкен той жасады.

Сол күні бүкіл патшалық бойынша ешкімнен салық алынбады. Керісінше, барлығына сыйлықтар таратылды.

Естердің дәл сол уақытта патшайым болғаны кездейсоқтық емес еді. Ахасуердің таңдауына Құдайдың Өзі әсер еткеніне мен сенімдімін.

Осы істе патшаның жүрегін басқарып тұрған, әлемнің Иесі екеніне Естер сенді.

Патша сарайында ешкім Естердің яһуди қызы екенін білмеді. Ол мұны құпия түрде ұстады. Асырап алған әкесі оған бұл туралы ешкімге айтпауға кеңес берді. Ол оған мойынсұнып, үндемеді.

Мардохай да патшаға қызмет етті. Бір күні ол екі қызметшінің патшаға қастандық жасауға дайындалып, олардың патшаны өлтіргісі келетінін біліп қойды.

Мардохай бұл туралы Естер патшайымға хабарлады, Естер болса тез арада хабарды патшаға жеткізді.

Қастандық басталмай жатып, сәтсіздікке ұшырады, ал кінәлілер бірден жазаланды.

Ахасуер өз хатшысына бұл туралы күнделікті жазбалар кітабына баяндама жазуды бұйырды және хатшы бұл жұмысты орындады.

Көп ұзамай сарайда бір мейірімсіз адам пайда болды.

Бұл тәкаппар, әрі мақтаншақ Хаман еді. Ол патшаның көңілінен шығып, оған жақын адам бола алды.

Хаман бүкіл Парсы империясындағы екінші адам болды.

Бұл адамның жүрегінде шайтанның жоспары болған.

Бұл туралы толығырақ келесі шығарылымда естисіңдер.


Рөлдер: Баяндаушы, жас қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:18 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)